Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жомарт әнші Бүркіт Ернар Айдарға да Iphone сыйлады (видео)

Әнші әрі кинопродюсер атанған Бүркіт соңғы кездері жомарттық танытып жүр. Ол әріптестеріне қымбат Iphone телефонын сыйлауды әдетке айналдырып алғандай. Жуырда ғана Баян Мақсатқызын қуантқан ол бұл жолы тосынсыйды жерлес-әріптесіне жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бүркіт Ернар Айдардың 5 жылдық концертіне орай сый жасап, әншіні қуантты. Ернар өнердегі ағасына деген алғысын білдіріп, сый алып тұрған сәтін инста-парақшасына жүктеді.

Желі оқырмандары болса мәрттік танытқан Бүркіттің әрекетіне таңғалысып жатты.

“Бүркіттің Iphone шығаратын зауыты бар ма?” “Өткенде ғана Баянға сыйлап еді, енді Ернар Айдарға”, “Әншілер бір-біріне сый жасай бергенше, мұқтаж жандарға берсеңдерші”, – деп жазды инста-оқырмандар.

Айта кетейік, Бүркіт желі оқырмандары арасында түрлі байқаулар ұйымдастырып, қымбат телефондарды сарапқа салып жүр.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Түркияның әйгілі актері Қазақстанға келді (видео)

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Асылхан “қайырымдылық жасап мақтанды” деп сынағандарға жауап берді

Жеке өміріндегі шудан кейін Баян Мақсатқызы қалай өзгерді? (фото)

Талқылау