Жеке өміріндегі шудан кейін Баян Мақсатқызы қалай өзгерді? (фото)

Баян Мақсатқызы өмірі екі кезеңге бөлінген. Экс-күйеуінен таяқ жеген күнге дейін және кейін. Бұл туралы продюсердің өзі жиі айтып жүр. Расында екінші кезеңдегі өзгерісті жанкүйерлер тобы да байқаған, деп жазады Stan.kz.

Сол оқиғаға дейін ел Баянды қайсар мінезді, табанды, іскер, дегенінен қайтпайтын әрі қатал продюсер ретінде танитын. Оның жобаларымен жақсы таныс болғанымен, жұрт экс-Есентаеваның отбасы туралы біле бермейтін. Ара-тұра екі қызын көріп қалатыны болмаса, өмірлік серігі кім? Немен айналысады? – деген сынды сұрақтар көпшілікті мазалайтын.

2016 жылдың 10 маусымында бұл картина түбегейлі өзгерді. Бұған дейін көпке үлгі болған продюсер қоғамда дау туғызып, екіжақты пікірдің астында қалды. Жұрттың басым бөлігі Есентаеваны күйеуіне жасаған опасыздығы үшін айыптаса, тағы бір топ ештеңеге қарамастан қолдау көрсетті. Сонымен қазіргі Баян Мақсатқызы қандай?

Соңғы кездері желі оқырмандары продюсердің өзгергенін байқап жүр. Баян Мақсатқызы ашық-шашық кейіптегі суреттерін жариялаудан жасқанбайтын болған. Сондай-ақ, продюсер елдің пікіріне мүлдем зер салмауды үйренген.

Мәселен, мына суреттерді жариялағаны сол-ақ еді, желідегілер Мақсатқызының ашық-шашық образдарына жағымсыз пікірлерді қарша боратты. Көпшілік Баянның күннен күнге өзгеріп баратынын айтып, дабыл қақты.

“Ажырасқан соң өзгеріп кеттіңіз”, “Ұят қалмай барады”, – бұл Мақсатқызының Instagram парақшасына жазылған пікірлердің бер жағы. Атышулы продюсер елдің сынынан шаршаса керек, көп ұзамай парақшасындағы пікірлерді түгел өшіріп тастады.

Бізбен бөлісен қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Отандық актер айдай сұлу Астаналық аруды Шымкентке келін етіп түсірді

Алагөзов бұрынғы әйелінен дүние-мүлкін қайтару үшін сотқа қайта шағым түсірген

Роза Рымбаева 9 айлық ұлын асханада ұмытып кеткен

Белгілі композитор: Министрдің өзін аш ұстау керек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар