Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева 9 айлық ұлын асханада ұмытып кеткен

Роза Рымбаева жөргектегі ұлын асханада ұмытып кеткен күнді еске алды. Халық әртісі концертке асығамын деп тұңғышы Әлидің қайда қалғанын білмей қалған.

Бұл туралы Роза Қуанышқызы Максим Галкиннің “Сегодня вечером” бағдарламасында айтып берді, деп жазады Stan.kz.

“Стадионда үлкен концерт қоятын болдық. Кеш басталмас бұрын бізді тамақтануға асханаға алып барды. Бір кезде: “Жолдастар, сахнаға шығамыз, тездетеміз, жүгіріңдер”, – деп айқайлады. Біз бәріміз автобусқа отырып, стадионға жол тарттық. Ал онда халық шулап жатыр, концертті тезірек бастау керек. Концерт біткен соң күйеуімнен: “Әли қайда? Сен қарап отыруың керек еді ғой”,  – деп сұрасам, ол аң-таң. Кейін барып ұлымызды асханада, үстелдің астында ұмытып кеткенімізді еске түсірдік”, – дейді Роза Рымбаева.

Бұдан кейін Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаева дәмханаға жол тартып, Әлидің аман-саулығына көз жеткізген.

“Асханаға келсек, аспаз әйелдер ұлыма ботқа, сүт берген. Әли болса бейтаныс әйелдердің қолында ұйықтап жатыр, бізді іздемеген де”, – деп күлді Роза Қуанышқызы.

Сахна сыртында, гастролде өткен балалық шағы Әлидің де есінде жақсы сақталған.

“Грим бөлмесінде, бейтаныс адамдардың алдында, колонканың астында ұйықтай беретінмін. Расында момын бала болдым, қыңыр мінез көрсетпейтінмін. Анам соңғы сәтке дейін мені қолында ұстап тұрып, сахнаға шығар кезде мені біреудің қолына ұстата салатын. Тіпті, бір жолы милиционерге бере салғанын білемін”, – дейді Әли Оқапов.

Жіберіп алмаңыз:

Әнші боп туған жоқпын: Роза Рымбаева күйеуімен бірге қандай жұмыстар істегенін айтты

Белгілі композитор: Министрдің өзін аш ұстау керек

Динара Қырықбаева екінші перзентін дүниеге әкелді

Қарағандылықтар Сәкен мен Мейрамбекті “ішіп алып, сахнаға шықпады” деп айыптаған

 

Талқылау