Белгілі композитор: Министрдің өзін аш ұстау керек

Белгілі композитор мәдениет министріне 30 мыңға өмір сүріп көруді ұсынды.

Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мәлімдемесі мемлекеттік қызметкердің айтатын сөзі емес дейді, деп хабарлайды Ратель.

«Әр адамның жеке өз пікірі болады және айтуға құқылы. Ал министрдің бұлай сөйлеуге моральдық хақысы жоқ. Министр Бетховен, Моцарт аш жүріп небір шедеврлерді дүниеге әкелді дейді. Онда  министрлерге кітапханашының айлығын берейік. 30 мың теңгемен бір ай өмір сүріп көрсін. Бәлкім, сол кезде олар қызметтерінде шығармашылық табысқа жетіп, жақсы жұмыс жасар», – дейді композитор.

Сондай-ақ, композитор Бетховен мен Моцарт мысалы ойға қонымсыз, бұл тоқ бала аш баламен ойнамайдының кері дейді.

«Қазір шоу-бизнес өкілдері мен асабалардың ғана жағдайы жақсы. Бірақ олар нағыз өнерпаздарға жатпайды. Керісінше, шын таланттардың өмірге бейімі жоқ. Оларды мемлекет қолдауы керек. Министр өнер саласының жанашыры болуы тиіс.

Мәдениет саласында күнін көре алмай жүрген адамдар бар. Мемлекеттік бағдарламамен үй алып, ипотекасын төлеуге айлықтары жетпей жүргендер қаншама? Мен мемлекеттік қызметте істеп көрген адаммын. Өңірлерде кітапханашылар тапшы. Ешкім ондай аз айлыққа жұмыс жасағысы келмейді. Ал олар сайлаудың барлық жұмысында құлақ кесті құл сияқты жүреді. Бүкіл қазба байлықтың үстінде отырып аш болуға бола ма?», – деді Қалдыбек Құрманәлі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мәжілістегі үкімет сағатында өнер адамы аш болғанда шығармашылық табысқа жетеді деген болатын.

Тағы да оқыңыз:

Бейсен Құранбек Талдықорғандағы ұзын көшені “Жансүгіров” деп атауға қарсы шықты

Біле жүріңіз: Жол полицейі тоқтатқанда ұстанатын ережелер

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар