Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолдыбаевалар: Ашық-шашық киім – бар болғаны біздің образымыз

Апалы-сіңлілі Жолдыбаевалар «Время» басылымының тілшісі Оксана Василенкоға сұхбат беріп, неліктен ел алдына ашық-шашық киіммен шығатындарын түсіндірді. Олардың айтуынша, елдің талқысы мен сынына ұшыраған киімдер – бар болғаны сахналық образдың бір бөлігі.

16229278_618008485070149_5936647007920717824_n

«Жарқын әрі батылдықпен таңдалған образдарды ұнатамын. Жалпы киіммен тәжірибе жасағанды жаным сүйеді. Алайда отандық басылымдардың бірі мені бір кешке жалғыз төстартқышпен келгенімді жазғанда қатты таңырқадым. Өйткені мен түнгі клубқа жабық тұсаукесерге келген болатынмын. Ал мұндай тусовкаларға жұлдыздардың барлығы өрескел киім киеді. Ерекше образдарымен бір-бірлерін таңғалдыруға тырысады», – дейді Алтынай.

Оның бұл пікірін әпкесі Кәмшат Жолдыбаева да қоштап отыр.

«Біз ешбір киімді жайдан жай кимейміз. Әр образымызды алдын ала ойластырамыз. Сондықтан да киімдеріміз ашық әрі жарқын болса да, олар әркез өз орнымен киіледі. Егер дәл осындай киіммен саябақта жүрсек немесе мейрамханаға барсақ, онда бізге кінә тақсын», – дейді ол.

Шоу-бизнес әлемінде жүрген қос ару әртүрлі продюсермен жұмыс істесе де, бір-бірлерін бақталас санамайтындарын айтты.

«Алтынайдың стильге келгенде талғамы өте жоғары. Соңғы жылдары мен сахнаға алып шыққан образдардың барлығы дерлік – Алтынайдың жұмысы. Үнемі бір-бірімізді қолдап, жетістіктерімізге қуанып жүргенде, бақталастық туралы сөз қозғауға бола ма? Кенже ініміз Русланның да шоу-бизнеске аяқ басқанына қуаныштымыз. Ол әзірге Жүргенов атындағы өнер Академиясының 3-курсында «Эстрадалық вокал» мамандығында оқып жатыр. Оқып жүргеніне қарамастан, ол бір музыкалық топқа қабылданып үлгерді. Біздің отбасымызда енді үш бірдей әртіс бар. Оны сұхбатқа алып келмегеніміз өкінішті», – деп түсіндірді Кәмшат.

Әртістік қабілет Жолдыбаеваларға ананың сүтімен, әкенің қанымен берілген. Кәмшат пен Алтынайдың анасы өмір бойы хореографиядан сабақ береді. Ал әкелері қарапайым жүргізуші болғанымен, гитараның құлағында ойнайтын талантты музыкант екен.

Перзенті теңін кездестіріп, бақытын тапса, ана үшін одан асқан бақыт жоқ. Дәл осы себепті Жолдыбаевалардың анасы қос қызын ертерек қияларына қондырғысы келеді.

«Соңғы екі жылдан бері анам маған да, әпкеме де тұрмыс құру туралы жиі айтып жүр. Алайда анамыздың өзі бізге жас келгендіктен емес, махаббатпен отау құру керектігін айтқан. Сол себепті біз өз махаббатымызды күтудеміз», – дейді Алтынай.

Ал Кәмшат бар уақытын шығармашылыққа жұмсап жатқандығын айтты. «Жан-жағыма қарайлап жүрмін» деген ол ертегідегідей махаббатты армандайтынын жасырмады.

Жіберіп алмаңыз:

Аша ана атанған соң Арман оның жұмыс істеуіне тыйым салды

Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)

Димаш Франция телеарнасынан шақырту алды

Сейфуллин Жолбарыс: Жарым орыс болғанымен, қарапайым ауылдың қызы

Талқылау