Аша ана атанған соң Арман оның жұмыс істеуіне тыйым салды

Сәрсенбі, 26 Сәуір , 2017 14:32

Аша Матай өмірдегі ең басты мақсатын орындаған соң өзге әріптестері ұқсап жұмысқа кіріскен жоқ. Себебі ол қызына көп көңіл бөлгісі келеді. Ашаның жұмыс істеуіне оның жары Арман да қарсы.

арман мен аша 260417

Бұл туралы Аша 7-арнаның «Гу-гу-гәп» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Ашаның айтуынша, қазақ келіндерінің басым бөлігі босанғаннан кейін өздеріне қарамай кетеді. Тек өміріне жаңадан қосылған адамға көңіл бөліп, асыл жарын ұмытатындар да көп дейді Аша.

«Ең бастысы, ана өзі жайлы ұмытпауы керек. Көбісі «балам балам» деп ұмытып кетеді. Мен де қырқынан шығарғанға дейін өзімді ұмытып, жуындым ба, киіндім ба, бояндым ба, оған көңіл аудармай, «бала бала» болып кеттім. Содан соң өзімді жинап алдым. Себебі ең басты мақсатым артық салмақтан арылу, содан соң жұмысыма оралу. Және де жақындарыңды, ең бастысы, күйеуіңді ұмытпау. Көп аналар бала деп күйеулерін ұмытып кетіп жатады», – дейді Аша.

Аша ана атанғаннан кейін 40 күн үйден шықпаған. Актриса бұл ісін дұрыс санайды.

«Ананың 40 күн үйде отыруы қажет. Мен, мысалы, 40 күн үйде отырдым. Менің ойымша, бұл дұрыс. Себебі бұл аралықта бала да, ана да өте әлсіз болады. Бір біріне деген қажеттілігі мол болады. Ал қырқынан шығарғаннан кейін ептеп-ептеп шығуға болады. Баладан арылуға болады. Енді серуендеп келу үшін емес, жұмыстарыңды бітіріп, жақындарыңа барып келу керек деген сияқты», – деді Аша Матай.

Тележүргізушінің айтуынша, баланы мейлінше тек ана сүтімен азықтандырған дұрыс.

«Бала тәрбиесіндегі ең маңызды нәрсе – анасының әрдайым жанында болуы. Екіншіден, егер де омырауыңызда сүт болса, баланы емізу. Себебі керекті дәрумендердің бәрі сүтте бар. Үшіншіден, баланы жиі жуындыру. Ол да баланың ет жинауына және денсаулығына зор ықпалын тигізетінін білемін», – деді Аша.

Сұхбат барысында Ашадан қашан сахнаға қайта оралатыны сұралды.

«Ол жайлы Арманмен сөйлескен едік. Арман түбегейлі қарсы. 1 жасқа толғаннан кейін мүмкін. Бірақ барлығы Алланың қолында», – деп жауап берді Аша.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың Қытайда қалатыны рас па?

Димаштың қытайлық жанкүйерлері “Абай жолын” жарыса оқып жатыр

Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)

Ақбота Сейітмағанбет: “Алла бақытқа лайық адамды ғана сынайды”

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар