Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кеткен қарағандылық қыз асылып қалған күйінде табылды

25 жастағы Құндыз Бекеева 27 қыркүйекте жоғалып кеткен. Оны соңғы рет құрбысы Айнұр Олейникова көріпті.

2016101011411149390_14590460_1822363064661947_26419807939358

Фото: www.arnapress.kz 

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Қыз Қарағандыға Павлодардан көшіп келген. Ол Майқұдықта науқас атасымен және екі ағасымен бірге тұрған.

Құрбылары Құндыздың жақындарымен ара қатынасы жақсы болғанын айтады. Олар жайлы ешққашан шағым айтпаған екен. Құндыз жақында тәтесінің үйіне қонаққа баратынын айтып жүріпті. Тәтесімен телефон арқылы сөйлесіп, қонаққа баратыны жайлы да айтқан. Бірақ сол күйі бармаған.

Оның үйі маңындағы гаражға асылып алған денесін қала тұрғыны байқап қалып, полицияға хабарлады. Сараптамаға сәйкес қыздың көз жұмғанына 10 күндей уақыт болған. Туыстары мәйітті туған жері Павлодарға жерлемек.

Жіберіп алмаңыз:

Арқалықта екі бала су қайнатқыштың кесірінен көз жұмды

Қазақстандықтар несиелерін жабу үшін ағза мүшелерін сатып жатыр

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдіктінің адвокаты сараптамаға күмән келтірді

Ақтөбеде ер адам екі баласын пайдаланып халықтан жылу жинап алған

Талқылау