Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдіктінің адвокаты сараптамаға күмән келтірді

Жексенбі, 9 Қазан , 2016 17:54

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деп күдікке ілінген ер адамның мемлекеттік қорғаушысы намиг Велиев ер адам қызды алып кетті деген автомобиль сараптамасы дұрыс жасалмаған деп есептейді.

20161009120657

Бұл туралы Tumba.kz хабарлайды.

Адвокаттың айтуынша оны көлікті қарауға автомобилді қаралымнан өткізгеннен кейін барып шақырған. Күдіктінің өзі де сол жерде болыпты. Оның барлығы бейнекамераға түсіріліпті. Күдіктінің айтуынша ол жерден ештеңе табылмаған. Тек алдыңғы және артқы орындықтарды түсіріп алып, сараптамаға жіберіпті. Алайда ол сараптама арқылы ештеңе белгілі болмаған. Кейін белгілі болғандай, бір күн өткен соң ол өзінің бес жасар ұлын тасыған.

“Қыздың шашын алып тастап жатқан видеоны көрсетуді талап еттім. Қорғалушы ол көлікте болған кезде шашына тиіспегенін айтады. Ол алынған күннің өзінде оның қатысуынсыз орын алған. Мен оның істеген ісін қорғағалы тұрған жоқпын. Бірақ менің кәсіби міндетім бойынша оған тағылған барлық айыптауларды толық қарастыруға тиіспін”, – деді Велиев.

Адвокаттың сөзінше, қазіргі таңда күдіктіні тергеушілер тергеп, сұрау алып жатыр. Алайда ол өте қатты тұтығып, процедураны қиындатып жатыр.

“Осыған байланысты ол 2011 жылға дейін есепте тұрған. Кішкентай кезінде оны анасы ұрып, осындай ауруға шалдыққан. Ол барлық әріптерді айту кезінде тұтығады десе болады. Ол тек “иә”, “жоқ” деп ғана еркін айта алады. Осыған байланысты сұрақ алу тәртібі өзгерген. Оған тек иә немесе жоқ деп айтуға келетін сұрақтар ғана қойылуда”, – деді адвокат.

Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша ер адам қылмысқа қатысы барын алғашқы күннен-ақ жоққа шығарыпты. Сұрау алу кезінде оқиғаның бағыты қалай болғанын бірден айтып бермеген.

Күдікке ілінген тағы бір сәт, күдіктінің көлігінің бір жерде 29 минут бойы тұрып қалғандығы. Ал алты жасар қыз осы уақытта ұрланған.

Полицейлер күдіктінің зардап шегушіні қалай ұрлап әкетіп, алып барған маршрутын толықтай өңдеп шыққан. Ол қызды мысықты сипап көруге шақырып еліктірген болуы мүмкін. Осыдан соң қыз бала күдіктінің көлігіне мініп кеткен. Ал ол әлдебір орынға апарып оған аса ауыр қылмыс жасаған.

“Олар тоқтаған жалғыз орын бұл Шағала шипажайы. Ол жерде ешкім болмаған. Ол бейнебақылау камерасы тұрған тұраққа тоқтапты. 29 минут. Ол тіпті де көліктен шықпаған”, – дейді Велиев.

Хабарланғандай, күдікті ер адамның жасы 32-де. Оның әйелі және бес жастағы ұлы бар. Тұтқынға алғанға дейін ол жеке адам тасумен айналысқан.

Еске сала кетсек, алты жасар қыз әлі ес-түссіз жатыр. Елордалық дәрігерлердің айтуынша, қыздың денсаулығында ешқандай оң өзгеріс байқалатын емес.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар