Жіпті тартқанда көлік жарылды: Алматы облысында бизнесменге қастандық қалай жасалды

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың назарына. 2007 жылы бүкіл елдің жағасын ұстатқан «Маловодное қақтығысынан» кейін істі болып, сотталған Нұрлан Тасболатұлына тағы да қастандық жасалды.

Тағы да дейтін себебіміз, Нұрлан Ахметовтың туған інісіне 2011 жылы белгісіз біреулер оқ атса, 2012-і жылы Нұрланның өзін қаскөйлер Калашников автоматымен атып өлтірмек болған, деп хабарлайды 31 арна.

Ал бұл жолы қаныпезерлер Нұрланның үйінің алдында тұрған көлігіне жарылғыш зат қойып кеткен. Полицейлер күдіктіні бұл жолы да ұстай алмаған. Жарылыстың дауысынан өретүрегелген ауыл тұрғындары бұл қастандықты терроризм деп отыр.

Нұрлан Тасболатұлы таңертең отбасымен бірге шәйін ішіп болғаннан кейін, өзінің көмекшісіне көлігін оталдыра салуын сұрайды. Көмекшісі мына жерде тұрған көліктің келіп есігін ашпақшы болған кезде дөңгелектің астында ширатылып жатқан жіпті көреді. Жіпті алып тастамақшы болып тартып қалғанда жарылыс болған. Жарылыстың қатты болғаны соншалық Нұржігіт есімді азамат мына жаққа дейін 5-6 метрге ұшып кеткен.

“Баламды құдай қақты осымен үшінші рет. Екінші рет оқтан қалды. Халқым, жұртым, Не деген сұмдық? Неге тимайсыңдар? Неге қарамайсыңдар, жарықтарым? Не істеді Нұрлан? Ешкімге қияр қиянаты жоқ”, – дейді Нұрланның анасы.

Таңғы шайымыз соңғы шай бола жаздады деген Нұрланның анасы көліктің астындағы екінші жарылғыш іске қосылмай қалғанына шүкір дейді.  Айтуларынша саперлер сағаттап жүріп тағы бір жарылғыш затты залалсыздандырыпты. Ал ауыр халде ауруханаға жеткізілген Нұржігіт қазір Есік қаласының орталық ауруханасында ем алып жатыр.

“Бір семьяның түбіне жете жаздады. Бала-шағасына дейін бірақ. Не деген сұмдық?! Халық осындайды көрсе қайтып көтерілмейді? Террориз м қайдан шығады? Міне осы ұстап, сол кім? Соны істеген үш рет істеді мінеки”, – дейді ауыл ақсақалы.

Бір адамға үш рет қатарынан қастандық жасалуын ауыл азаматтары полицияның немқұрайлығынан көріп отыр. Алғашқы екі оқиға кезінде күдіктілер ұсталғанда айдың күннің аманында ауылда мұндай жарылыс болмас еді дейді олар.

“Полиция не жұмыс істеп жатыр?! Біздің елде сонда осындай қылмысты ашатын бір маман жоқ па?! Әдетте бір болар-болмас дүниенің артына кіріп соның артын қудалаған кезде мықты. Енді мұны аша ма, ашпай ма?! Үшінші уақиға. Біздің талабымыз соны ашып, тауып жазасын берсін”, – дейді Ащысай ауылының тұрғыны Абай Серік.

Есігінің алдында қоршауы да жоқ Нұрлан бұл қылмысты кек алу деп есептейді. Әйтпесе 2007-і жылға дейін бірде бір жан аяғынан шалмаған, тынышын да алмаған.

“Пистолетпен келіп атып жатыр, автоматпен келіп атып жатыр. Жарылғыш зат қойып жатыр. Енді бір күні бтрмен танкімен келіп таптап кеткенше жататын шығармыз осында. Қашан келіп өлтіріп кетеді екен деп”, – дейді  Ащысай ауылының тұрғыны Нұрлн Ахметов.

Ауылдың еңбектеген баласынан, еңкейген қартына дейін Нұрланның есігінің алдын торуылдап жүр. Сақылдаған сары аязға қарамастан қаладан ұлт патриоттары да жеткен. Құжынаған халық жиналып жатса да ауыл әкімінен басқа бірде бір құзырлы мекеме қызметкерлері бой көрсетпеді.

“Тиісті іс шаралар жүргізілді кешегі күні. Барлық іс шаралар жүргізілді, тергеу амалдары жүріп жатыр қазірдің өзінде”, – дейді Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Ермек Самсыбеков.

Көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын қылмыскерлер 11 жыл бойы мазамызды әбден алып бітті деген ауыл тұрғындары Ащысайдағы жарылыстан кейін қылмыскерлер ұсталады деп сенеді.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде 63 жастағы зейнеткер жыныстық қатынастан жұқпалы ауру жұқтырған

Қазақстанда сараптама жасаған дәрігерлердің өздері қауіпті ауруларды жұқтырып алып жатыр

Якутияда аяз -65 градусқа жетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар