Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында белгісіз біреулер бизнесменнің автокөлігін жарып жіберді

Алматы облысында кәсіпкерге қастандық жасалып, автокөлігіне жарылғыш зат қойылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеп Stan.kz.

Алматы облыстық ІІД ақпаратты растап, жарылғыш заттың көліктің астына қойылғанын және жарылыс салдарынан кәсіпкердің жұмысшысы зардап шеккенін мәлімдеді.

Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген. 13 қаңтарда Ащысай ауылында «Лексус» маркалы автокөлік жарылған еді. Автокөлік жергілікті кәсіпкерлердің біріне тиесілі болған. Жарылыс салдарынан 23 жастағы ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

«Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 24-бабы және 99-бабына (Адам өлтіруге оқталу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық іс бойынша әзірге Еңбекшіқазақ АІІБ қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», – дейді Алматы облысы ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Қазіргі уақытта өңірлік полиция жарылғыш қойған адамды іздеу мақсатында шұғыл іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Дженнифер Лопес Gucci-ден 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Танымал әнші Ерлан Көкеев Bek Air әуе компаниясын сотқа бермек

Төреғали Төреәлі мен Мөлдір Әуелбекова Мейрамбектің әніне бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау