Жігіттердің жүрегін жұлдыз белгісіне қарап жаулай білесіз бе?

Сәрсенбі, 18 Мамыр , 2016 17:43

Адам мінезінің жұлдыз белгісімен байланысы бар. Өмірлік серігіңзіді іздеу үстінде болсаңыз, махаббат жұлдызнамасына назар аударыңыз.

goroskop_ava_12

Тоқты
Тоқтылар – жасының ұлғайғанына қарамастан, жанының жастығын сақтап қала алатын жандар. Әдетте мұндай еркектер өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Тіпті, қартаймайтын да сияқты. Егер егде жастағы сергек адамды, не көңілді кештерде тынбай билейтін қартты көрсеңіз, ол адамның тоқты белгісінде туылғанына сенімді болыңыз. Тоқтылар үшін өмір – мейрам, өмір – думан. Көңілді сауық-кештерді ұнататын болсаңыз, серігіңіздің дәл осы белгіден болғаны дұрыс. Ол адаммен ешқашан зерікпейсіз. Ал сүйгеніңіз тоқты болса, романтикалық түнгі серуендерге дайын бола бергейсіз. Бұл ретте қарсылық таныта да алмайсыз. Екеуіңіздің қатынасыңызда еркелік тек сүйіктіңізге тән болып, сізге оның айтқан бағытымен жүріп отыруға тура келеді. Тоқтылардың жанындағы өмір – әр алуан. Сүйген азаматыңыз кей кездері биікке самғатып, аспандағы жұлдызды әперуге дайын болса, кей кездері жерге қондырып, бойындағы кемшіліктерін көрсете алады.

Торпақ
Торпақ белгісі өкілдерінің бойынан нағыз еркекке тән қасиеттер табылады. Олар – сабырлы, ақылды әрі еңбекқор. Оған қоса, бұл жұлдыз белгісінде туылған еркектер көзі жетіп, айғақ-дәлел таппайынша, сіздің адалдығыңызға шүбә келтіріп, жөнсіз түртпектемейді. Десе де торпақтарды мезі етіп, ашуға бой алдыруына жол бермеуге тырысыңыз. Керісінше жағдайда не тәніңіз, не жаныңыз жараланады. Ал олардың еңбекқорлығы жайында ел аузында көп айтылады. Себебі торпақтар табыс көзін біледі және ақшаны желге ұшырмайды, әйеліне де бей-берекет жұмсатпайды. Бірақ саяхатқа шыққан кездеріңізде түрлі кәдесыйларды сатып алуыңызға рұқсат беріп қана қоймай, үй ішінде орналастыруға да көмектеседі. Торпақ –жүрегіне асқазан арқылы жол табуға болатын адамның дәл өзі. Егер көңілінен шығып, өзіңізге деген сезімінің артқанын қаласаңыз, түрлі ас әзірлеуді үйреніп, шеберлік таныта білуіңіз қажет.

Егіздер
Егіздер белгісінде туылған азаматтардың жанына үңіліп, толықтай түсіну үшін, аңызға көз жүгіртелік. Егіздер – бір-бірімен құшақтасып, жүздеріне үңілген екі ағайындының бейнесі. Олардың бірі тірілер, бірі өлілер патшалығында өмір сүреді. Мұндай сипатты аңыздан ғана емес, шынайы өмірден де көре аласыз. Себебі егіздер белгісіндегі еркектер өзіне ғана тән әлемде өмір сүріп, қиялшыл келеді. Олардағы отбасы, махаббат, әйел ұғымдары – өзгелердің түсінігінен мүлдем бөлек. Сүйген адамыңыз егіздер болса, оның армандарына бөгет болмай, қиял әлемінен жерге түсірудің жолын біліп, өзіне деген сенімсіздіктен арылуына көмектесіңіз. Мұндай еркектердің мінезі – құбылмалы: дәл қазір жұбатуыңызға мұқтаж болса, біраз уақыттан соң қолдауыңызды қажетсініп, әп-сәтте бақытты болып шыға келеді. Оған қоса, сүйіктіңіздің әңгіме-дүкен құрғанды жаны сүйетін адам екенін есте ұстағайсыз. Ол – шынымен де қызыл тілге жүйрік. Мінезіндегі тұрақсыздыққа қарамастан, егіздер өмірде көш бастап, керек кезде дұрыс бағыт-бағдар бере алады.

Шаян
Шаян – жан әлемі ерекшеліктерге толы белгі. Бір жағынан қамқор әрі жақсы әке бола білсе, екінші жағынан өзі де – бала сияқты қамқорлық пен қолдауға мұқтаж. Шаяндарды үнемі қолпаштап, ынталандырып отыру қажет. Олай болмаған жағдайда, олар терең күйзеліске түсіп, мұндай күйден арылуы да оңайға соға қоймайды. Мұндай еркектердің күші әлсіздігінде екенін біліңіз. Егер сіз аналық сезімі жоғары, әрдайым өзгелерге қамқорлық танытуды қажетсінетін әйелдер қатарынан болсаңыз, бірінші кезекте шаяндарды ойға алыңыз. Олар сіздің қамқорлығыңызды қуана қабылдайды. Бұл жағдайда тамаша еркектің жары болып қана қоймай, қамқор әкенің балаларына ана болатынынызға сеніңіз. Шаян белгісіндегі еркектер жақсы әке ретінде көрініп, балаларына дер кезінде кеңес беріп, дұрыс тәрбиелей алады. Алайда сіздің тарапыңыздан үлкен қамқорлық пен қолдау керектігін тағы да еске саламыз!

Арыстан
Арыстандар – ортақ шешім, тіл табысу дегендерді біле бермейтін билігі күшті адамдар. Діттеген мақсатынан, ойға алған ісінен айныту үшін нақты дәлел тауып, сендіре білуіңіз керек. Десе де сіздің айтқан пікіріңізді ақыр соңында өзінікіне балап, «ғасырда бір туар ой» ретінде есептесе, таңданбаңыз. Арыстандардың көңілінен шығу үшін айтқанын тыңдап, тапсырғанын қалтқысыз орындап, дер кезінде қолдау білдіріп, үнемі мақтап отыруға үйренуге тура келеді. Оған қоса, мұндай еркекпен айнаңызды, жуынатын бөлмедегі сөреңізді де бөлісе біліңіз. Дегенмен арыстанның жүрегіне жол табуға дайынмын десеңіз, бақытсыз ғұмыр жайлы ойдан аулақ болыңыз. Себебі олар шынайы сүйе біледі, сүйгенін бақытты ете де алады.

Бикеш
Бикеш белгісінде туылған еркектер барлығын өзі жасағанды ұнатады. Олар өзіне-өзі бастық: өзі көлік айдайды, ақшаны да өзі есептейді. Еркіндікті сүйетін мұндай жандар өз кәсібімен айналысып, өзгенің басқаруы мен бұйрығынсыз өмір сүруді жөн көреді. Сондықтан сүйгеніңіз бикеш болса, оған үстемдік етіп, басқару жайлы ойыңызға да алмаңыз. Жеке кәсіппен айналысатын бикештер жалғыз жұмыс істегенді қаламағандықтан, өзгелердің жұмысын қадағалап, бағыт-бағдар беріп отыру үшін ғана әлдекімді басшылыққа тағайындайды. Мұндай еркектер тырнағының ұшы ауырғанын да сылтауратып, дәрігердің айтқанын қалтықысыз орындайды. Оған қоса, бикештер – нағыз еңбекқорлар. Егер өмірлік ісін тауып жатса, арнасын ауыстырмақ түгілі, басқа салаға қызықпайды да.

Таразы
Венера Милосскаяның мүсінін көріп пе едіңіз? Сұлулықтың нағыз үлгісі емес пе? Сол сияқты таразы белгісіндегі еркектердің де бітімі бөлек, сымбаты келісті. Бұл жұлдыз белгісінің жебеушісі Шолпан жұлдызы болғандықтан, аталған мүсін мен таразы белгісін салыстыруымыздың сырын түсінген боларсыздар. Таразылардың тәні ғана сұлу емес, жан-жүрегі нәзік әрі мінезі де көркем. Мұндай еркекті жоғалтқыңыз келмесе, ебедейсіз әрекеттерден, әдепсіздіктен аулақ болыңыз. Үйіңізді де барынша таза ұстауға тырысыңыз. Таразылар өз әлеміне өзгенің бас сұққанын, еркіндігін шектегенін ұнатпайды және мұндай қылықты кешірмейді де. Сіз оның жары болғаныңызбен, олардың банкте өз шоты, өзінің кредиттік тарихы, түптеп келгенде, өзінің жеке тарағына дейін бар. Бірнеше жыл бойы бір шатыр астында тұрсаңыздар да, азаматыңыздан не күтетініңізді болжау қиын. Мұндай еркектердің ішінде бұғып жатқан сырлары мен жұмбақтары көп. Тіпті, қойған сауалдарыңыздың өзіне екіұшты жауап береді. Алайда, күндердің бірінде есігіңіздің алдынан су жаңакөлік көрсеңіз не жаңа пәтерлі болғандарыңызды естісеңіз, таңданудың қажеті жоқ. Таразы-еркектер – сүйген адамын қуантудың, таңғалдырудың шебері.

Сарышаян
Сарышаяндар – жұмбақ адамдар. Жаныңызда отырса да, олардың ойында не барын, қандай сезімде екенін аңдай алмайсыз. Дегенмен мәжбүрлікпен ішкі әлеміне бас сұғуға тырыспағаныңыз жөн. Артық әрекет жасап, шамына тисеңіз, сөзбен шағып алуы ғажап емес. Егер ер адам үнсіздік танытса, ол сізбен келіспегенінің не жақтырмағанының белгісі емес. Сарышаяндар өміріңізді өз ырқына сай өзгертуге барын салады. Бірге тұрып жатқандарыңызға көп уақыт өтпестен-ақ оның әдет-құлқына дағдыланып, таңертеңгісін шайына екі қасық қант салып, қара нанға май жағып, үстіне 5 мм қалыңдықта туралған ірімшік қойып жатқаныңызды байқамай да қаласыз. Таңғы асын әзірлей жүріп көйлегіңізді үтіктеп, қас-кірпігіңізді бояуға да үйренесіз. Себебі сарышаяндар көзбен сүйеді.

Мерген
Мергендер – саяхаттауға жаны құмар жандар қатарынан. Мұндай адамдар жиі саяхаттаумен байланысты мамандық таңдамаса да, ыңғайы келгенде қыдырып кетуге дайын тұрады. Ал үйде уақытының басым бөлігін өткізетін орын сайлап қояды. Себебі олар жалғыздықты ұнатады. Бұл белгіде туылған адамдар өзіне ұнайтын іс таба біледі және өнерді сүйеді. Өмірінің ең қызық жылдарын университет қабырғасында өткізгенді ақылға сыйымсыз көретін мергендер көбіне сырттай білім алғанды жөн көреді. Оған қоса, мергендер жұлдыз белгілері ішінде даналығымен ерекшеленеді. Олар әрдайым әлсіздердің, әйелдердің, ақиқаттың жақтаушысы ретінде көрінеді.

Тауешкі
Тұйықтығы мен қырсықтығы себепті тауешкілер жанында өмір сүру кез-келген әйелге оңайға соқпайды. Жеңіл өмірді ұнатпайтын, қиындықпен күресуге әзір әйелдер ғана мұндай еркектермен бас қоса алмақ. Махаббат, тұрмыстық, отбасы қатынастарында тауешкілермен ортақ тіл табысу әркімнің қолынан келмейді. Алайда қызметінде жоғары мансапқа жиі иеленетін тауешкілер жақсы басшы бола алады. Мұны ол жұмысында ғана емес, жұбайына, балаларына бұйырып сөйлеп, басқаруға тырысуы арқылы үйінде де танытады. Егер сүйгеніңіздің мақсатына жетіп, биіктерден көрінгенін қаласаңыз, әрдайым жанынан табылып, қолдау білдіру үшін мансабыңызбен қоштасуға дайын болыңыз. Мінезінің киындығына қарамастан, тауешкілер алдына нақты мақсат қоя біледі және діттегеніне жетеді. Оған қоса, олар отбасының қамын ойлайтын қамқор отағасы, жақсы әке бола біледі.

Суқұйғыш
Суқұйғыш еркектерге өткенде қалған қатынастарына нүкте қою қиын, сондықтан бұрынғы жолдастарына, махаббатына арагідік барып тұрса, еш ренжімеңіз. Олардың көңілінің кеңдігі сонша, ешкімге де «Жоқ» деп айта алмайды. Осы себепті де шақырған жерден қалмайды. Бұл белгіде туылған еркектер достықты жоғары бағалап, нәзік жан иелерін түсіне біледі және қанатының астына алуға дайын тұрады. Оған қоса, олар құпия-сырға әуес. Бұл ретте көңілін табуды қаласаңыз, өзіңіз де жұмбақ болуға тырысып, күлкіңізді, сөзіңізді, әр әрекетіңізді құпияға толы ете біліңіз. Суқұйғыштар түрлі техникаларды ұнатады. Сондықтан сыйылық алар кезде артық бас қатырудың қажеті шамалы. Егер серігіңіз ретінде суқұйғыш-еркекті таңдасаңыз, айтқанына көніп, үнемі қолпаштаңыз. Сонда жаныңызда жаңа белестерді бағындырып, әлемді таңғалдыра алатын адамның жүргенін байқайсыз.

Балықтар
Балықтар әр нәрседен жұмбақ жасауға бейім. Олардың өмірі тылсым сезімдерге толы. Мұндай еркектер жалғыздықты ұнатпайды. Сондықтан отбасын құру мәселесінде қиындық туындай қоймайды. Сұлулықты, әдептілікті жаны сүйетін балықтар жанында сұлу әрі табысқа қол жеткізе алатын әйелдің жүргенін жөн көреді. Ал қарым-қатынас мәселесінде, олар сүйіктісіне өзін-өзі жетілдіруі үшін еркіндік беріп, кез-келген жағдайда аяққа тұруға жәрдемдеседі. Алайда шектен тыс еркінсіп, шыдамының шегіне жетудің қажеті жоқ. Ол сіздің өзге еркекпен жай ғана сөйлескеніңізді, жұмыстан кеш келуіңізді түсіне бермейді. Балық белгісінде туылған еркекпен араңыз жақсы болсын десеңіз, шынайы сүйіп, барынша адал болуға тырысыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар