Жігіттер алып қашқанда қуанышы қойнына сыймаған қыз жұрттың ашуын келтірді (видео)

Дүйсенбі, 25 Қыркүйек , 2017 14:20

Алып қашқан кезде тоқтаусыз күліп, жігіттермен әзілдескен бойжеткен желідегілердің ашуын келтірді. Желі қолданушыларының бірі мұны әзілге балады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі топтардың бірінде жұрттың көзінше қыз алып қашқан жігіттердің видеосы жарияланды. Бір қызығы, аталған видеодан бойжеткен өзге қатарластары секілді жылаудың орнына, жігіттермен әзілдесіп, қуанғанын байқатып қояды. Мұны көрген желі қолданушылары қатты таңқалғандарын жасырмады. Себебі, видеодағы бойжеткен тым жас көрінеді. Көпшілік ол кәмелеттік жасқа толып үлгермеген деп болжады.

“Мына қыз қуанып тұрған сияқты”, “Мектеп кезінде біз де қыздармен осылай әзілдесетін едік. Бірақ, олар жылай бастаған кезде жібере салатынбыз”, “Жігіттер қорадан қой таңдаған сияқты”, “Қыздың өзі мәз болғанына қарағанда, өзінің жігіті алып қашқан сияқты”, “Бұл жай ғана әзіл ғой”, “Достары немесе группаластары әзілдесіп жатқан сияқты”, “Мына қыз өтпей жүрген сияқты. Өміріне мәз болып отыр ғой” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

БАӘ-де патша мен Йоданың қатар отырған суретіне бола кітап қайта басып шығарылады

Швейцариялық компания тау ауасын сата бастады

Ғалымдар бұрынғы құрбақалардың динозаврмен тамақтанғандарын анықтады

Бойжеткен емтиханда 1,5 метрлік шпаргалканы еркін пайдаланбақ болған

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар