Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцариялық компания тау ауасын сата бастады

Швейцарияда арнайы аэрозольды баллондардағы таза тау ауасын сатумен айналысатын компания ашылды. Аталған компания өз өнімдерін экологиялық жағдайы нашар қалаларға ұсынып отыр.

Бұл туралы rg.ru басылымы хабарлайды.

Swiss Alpin Air компаниясы алдағы уақытта өнімдерінің мойындалып, тұтынушылардың сұранысына ие болатындығына сенімді. Расымен де, аталған компанияның өнімдері аз уақыт ішінде танымал болып үлгерген.

“Жыл сайын біздің Альпі тауларымызға таза тау ауасымен тыныстау үшін әлемнің әр елінен туристер ағылып келеді. Бұл бізде бар альпі ауасын экспорттаудың жай ғана бір түрі”, – дейді компания өкілдері.

Өндіруші сатылымға тыныстауға арналған арнайы маскалы 7 литрлік бөтелкелерді шығарып, бір данасын 21 долларға сатпақ. Қазіргі уақытта олар жобаға қарқынды түрде инвесторлар іздестіріп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар бұрынғы құрбақалардың динозаврмен тамақтанғандарын анықтады

Бойжеткен емтиханда 1,5 метрлік шпаргалканы еркін пайдаланбақ болған

Шәует доноры 19 биологиялық баласымен кездесті (фото, видео)

Елден ерекше жан: Бойжеткен 3 жыл бойы жұмысқа бір киіммен барған (фото)

Талқылау