Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАӘ-де патша мен Йоданың қатар отырған суретіне бола кітап қайта басып шығарылады

БАӘ-де патша Фейсал бен Абдель Азиз бен кітап кейіпкері магистр Йоданың бірге түскен суретіне бола әлеуметтік ғылымдар кітабы қайта шығарылады. Яғни келесі нұсқасында аталған сурет болмайды.

Бұл туралы Life.ru басылымы хабарлайды.

Фотоколлажды араб суретшісі Абдалла аш-Шахри жасап шығарған. Фотошоптың көмегімен ол БАӘ патшасы мен танымал кітап кейіпкерін қатар отырғызған. Аталған суретке қатысты елде шу көтеріліп, артынша билік кітапты қайта шығаруға шешім қабылдады. Білім министрлігі бұл қателікке жол берген адамды тауып, оны жазалауға уәде етті.

Ал Абдалла аш-Шахри аталған коллажды дайындағанын мойындап отыр. Алайда оның кітап бетіне басылып шығуына еш қатысы жоқ екен.


Жіберіп алмаңыз:

Швейцариялық компания тау ауасын сата бастады

Ғалымдар бұрынғы құрбақалардың динозаврмен тамақтанғандарын анықтады

Бойжеткен емтиханда 1,5 метрлік шпаргалканы еркін пайдаланбақ болған

Шәует доноры 19 биологиялық баласымен кездесті (фото, видео)

Талқылау