Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісіне ашуланған бойжеткен шақалағын 17-қабаттан лақтырып жіберді

Таиландта жігітіне ашуланған 20 жастағы бойжеткен өзінің сәбиін 17-қабаттан лақтырып жіберген.

Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

20 жастағы Нэтчаньок Нокюньгтун жаңа туған сәбиін 17-қабаттан лақтырып жібергенін мойындады. Бұған жүріп жүрген жігітінің бұрынғы әйеліне оралуы себеп болған екен. Оқиға Таиландтың Паттайа аралында болған.

40 жастағы ер адам қыздың босанғанын естіп, Оңтүстік Кореядағы бұрынғы отбасына кетіп қалған. Жұрттың сөзінен қорыққан қыз өзін өзі босандырып, артынша шақалақты терезеден лақтырған.

Куәгерлер шақалақтың күндізгі сағат 17:00 шамасында лақтырылғанын айтады. Бастапқыда жерге түскен жай зат болар деп ойлаған екен. Бүгінде әйел өзінің кінәсін толықтай мойындап отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Бишімбаев параны “Ақсәуле” деген құпия сөз арқылы алып отырған

Бишімбаевтың қорғаушылары енді прокурорды ауыстыруды талап етті

Астананың үздік логотипінің авторы 8 млн теңгеге ие болады

Атырауда қоқыс жәшігінің жанынан нәресте табылды

Талқылау