Бишімбаевтың қорғаушылары енді прокурорды ауыстыруды талап етті

Қуандық Бишімбаевтың соты дауға ұласты. Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрінің қорғаушылары соттан прокурорды ауыстыруды сұрады.  Мемлекеттік айыптаушының әділдігіне күмән келтірген қорғаушылар оның бұл іске заңсыз тағайындалғанын айтып отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: Informburo.kz

“Бұл қылмыстық іске прокурордың мүлдем қатысы жоқ. Қалай мемлекеттік айыптаушы болып тағайындалғанын білмейміз. Біздің ойымызша, ол Бишімбаевты қалай болса да түрмеге жабуға ниеттенген секілді. Сондықтан, прокурорды ауыстыруды сұраймыз”, – дейді Бишімбаевтың қорғаушысы Сәлімжан Мусин.

Десе де, қорғаушы Мусиннің бұл арызымен, барлық адвокаттар келіскен жоқ. Кейбірі, керісінше осы мемлекеттік айыптушының істі қарағанын қалап отыр. Не болса да енді оны жақында судья шешуі тиіс. Негізі бүгін, осы прокурор айыптау қорытындысын оқуы керек болған. Бірақ, сот үзіліс жариялаған соң, процесс  түстен кейін жалғаспақ.

Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі 350 миллион теңге пара алды және Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард 200 миллион теңгені ұрлады деп айыпталуда. Мәліметтерге қарағанда, жымысқы ойын іске асыру үшін «Болашақтың» түлегі қол астындағыларды ғана емес, бауырын да тартқан. Жалпы 23 адам сот алдында жауап беруде. Олардың 20-сы кінәларын мойындаған. Бишімбаев болса, сол күйі тағылған айыптармен келіспей отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Астананың үздік логотипінің авторы 8 млн теңгеге ие болады

Атырауда қоқыс жәшігінің жанынан нәресте табылды

Айқынмен ара-қатынасын жасырған Жұлдыз Өмірғали балалы болғанын мойындауға мәжбүр болды

Дубайда демалып жатқан Айдарбековтер отбасы елді қызықтырды (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар