Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда қоқыс жәшігінің жанынан нәресте табылды

Атырау қаласында қоқыс жәшігінің жанынан жаңа туған нәресте табылды. Шақалақ перинаталдық орталыққа жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Бүгін түнде Атырау қаласы ІІБ кезекшілік қызметіне Нұрсая шағын ауданындағы қоқыс жәшігінің жанынан жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақалақты қоқыс тастауға шыққан Шаттық Нұрадинов тапқан. Ол дереу жедел жәрдем қызметіне қоғырау шалады. Қазіргі уақытта бала Атырау облыстық перинаталдық орталығының жаңа туған нәрестелердің патология бөлімшесінде жатыр», – деп мәлімдеді Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов берген қосымша мәліметтерге сүйенсек, аталған дерек ҚК 100-бабының 24-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, іс облыс прокурорының бақылауына алынды. Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа туған қыз бала әйел адамның киіміне оралған.

Баланың салмағы 3 кг 56 гр. Аталған істі тергеумен кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекция мен криминалды полиция қызметкерлері айналысып жатыр. Әзірге көкек ананың тұлғасы анықталған жоқ. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы бір қалыпты екенін мәлімдеді. Қоқыс жанынан тбылған бала 6 қараша күні туған болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Айқынмен ара-қатынасын жасырған Жұлдыз Өмірғали балалы болғанын мойындауға мәжбүр болды

Дубайда демалып жатқан Айдарбековтер отбасы елді қызықтырды (фото, видео)

«Меломен» тобы: Нағыз еркек тоқал алуы тиіс

Баян Мақсатқызының ішімдік ішіп отырған сәті желіні шулатты (видео)

 

Талқылау