Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жергілікті полиция қызметкерлеріне смартфон ұстауға рұқсат берілді

Қазақстан Республикасы президенті Əкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап бере келе, мемлекеттік қызметкерлер арасынан жергілікті полиция қызметкерлеріне смартфон ұстауға рұқсат етілетінін айтты.

участковый

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Ал, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министр Талғат Донақовтың айтуынша, жұмыс орнында смартфон пайдаланған өзге мемлекеттік қызметкерлер тиісті заңнама бойынша тəртіптік жазаға тартылады. Бекетаев хабарлағандай, мемлекеттік қызметкерлер арасында жергілікті полиция ғана смартфон ұстап, азаматтардан «WhatsApp» арқылы шағым қабылдайды.

«Жергілікті полиция қызметіне келсек, оларға (жергілікті полицияға) «WhatsApp» арқылы хабарламалар алуға мүмкіндік беріледі. Жалпы, смартфон ұстауға тыйым салу туралы ережені дұрыстап оқысақ, ереже бойынша құпия құжаттар бар мекемелердің қызметкерлері туралы айтылған. Ал, учаскелік полицияның жұмыс орны аудандардың аумағын қамтыйды, сондықтан, байланыс үшін оған смартфон керек»,-деді Бекетаев.

Талқылау