Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесін комиссия 28 мамыр күні талқылайды

Жер реформасына арналған комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев жердің шетелдік азаматтарға жалға берілу мәселесі 28 мамыр күні болатын комиссияның келесі отырысында қарастырылатынын хабарлады.

9728478

Сурет Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Бүгін біз төрт жұмыс тобын құрдық. Ол жұмыс топтарын қоғамға өте белгілі азаматтар – Мұхтар Тайжан, Ақылбек Күрішбаев, Дос Көшім, Ақылбек Күрішбаевтар басқаратын болды”, – деді комиссия төрағасы.

“Тек екі сауал көтеріледі: жер сатылмайды; сатылған күнде де қандай жағдайда сатылады. Тағы бір жәйт: комиссия мүшелері Қазақстан азаматтары тек сатып ғана емес, жалға да ала алу керек деген мәселені көтерді”, – деп атап өтті вице-пермьер.

Келесі сенбіде жұмыс тобының нақты ұсыныстары мен жасаған жұмыстары нәтижесінде нақты тақырыптар талқыланбақ.

“Әрине, шешімді барлық адам бірдей түсініп қабылдамауы мүмкін. Біз аймақтарды аралап түсіндіру жұмыстарымен айналысамыз. Сосын піскен заңды парламентке ұсынамыз”, – деді Сағынтаев.

Бұған дейін комиссия жұмысына атсалысқан Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Мұрат Әбеновтың пікірлерін берген едік.

Талқылау