Құл-Мұхаммед: Жерге жеке меншік қазақтың ата-баба дәстүрінен үзілмей келе жатыр

Сенбі, 21 Мамыр , 2016 15:54

Жерге жеке меншік қазақтың ата-баба дәстүрінен үзілмей келе жатыр. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өтіп жатқан Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында комиссия төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы төрағасының  орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай мәлім етті.

Безымянный

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Жерді жеке меншікке беру керек пе, жоқ па? Жалпы Конституцияның 6-бабында жер жеке меншікке де, мемлекет меншігінде де болуы керек деп жазылған. Қанша комиссия құрсақ та, қанша қаулы қабылдасақ та онда қабылданған шешім Конституцияға қайшы келетін болса, ондай заңның ешқандай да күші болмайды. Яғни, осыған байланысты жер жеке меншікте де болуы керек», – деді Құл-Мұхаммед.

Бұдан бөлек, ол баспасөзде Қазақстанда еш уақытта жер жеке меншікте болмаған деген ұшқары пікір жүргеніне назар аударып, соған қатысты ұстанымын блдірді.

«Егер әлемде жердің меншігі бір халықта болған болса, ол қазақ халқында ғана болатын еді. Қазақтың жайлауы да, қыстауы да, керек десеңіз көшіп-қонғандағы маршруты да белгілі болған. Көшіп-қонуда басқа рудың жеріне түсіп кетсе, руаралық қақтығыстар орын алған. Сондықтан да, жерге жеке меншік қазақтың ата-баба дәстүрінде бар», – деді Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар, комиссия мүшесі жерді жеке меншікке берудегі ескерілетін мәселелерге де тоқталып өтті. Оның айтуынша, жер реформасына қатысты қабылданған заңда кемшіліктер баршылық. «Мәселен, онда жерді Қазақстан азаматтарына жеке меншікке сатуға болады дейді де,  оларға жалға беруге болмайды деп жазылған. Ал бұған дейінгі кодексте Қазақстан азаматтарына  жалға да берілетін, сатуға да болатын. Сонда қалай? Шетелдікке жалға беруге болады, сатуға болмайды, Қазақстанның азаматына сатуға болады, жалға беруге болмайды. Бұл дұрыс емес, қазақстандықтарға жалға да, сатуға да берілуі керек. Өйткені, бір азаматымыздың жерді сатып алуға ақшасы бар, екіншісінде ондай қаражат жоқ», – деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Астанада премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін жер реформасына қатысты құрылған комиссияның екінші отырысы өткен болатын. Жиын барысында жерді сату мен жалға беруге қатысты көзқарасын білдірген қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, ауылшаруашылық жерлерін пайдаланамын деушілерге 10 гектардан тегін беру керек деген ұсыныс білдірген еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Жұмбақ жанСержан
6 ай 13 күні кері

Бұнысы ақымақтық..Халықтың көпшіліктің оиымен санасқан жөн.Ертеңін неге оиламаитын Құл Мұкан.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар