Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Әбенов ауыл шаруашылығымен айналысатындарға 10 гектар жерді тегін таратуды ұсынды

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов жер реформасына арналған комиссияның отырысы барысында әлеуметтік теңдікке назар аударуды және ауыл шаруашылығымен айналысатындарға 10 гектар жерді тегін беруді ұсынды.

1448525948_a

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Әңгіме әлеуметтік теңдік туралы болып жатыр. Көптеген адамдар әлеуметтік сала өкілдері – дәрігерлер, мұғалімдер жерсіз қалады деп алаңдаушылық білдіруде. Қазір тағы бір жер туралы реформаның басталғанына қарамастан, ешкім бұл әлеуметтік өкілдерге назар аудармай отыр. Жер берілсе неге ауылға барып тіршілік жасамасқа? Бұл Ресейде де бар тәжірибе”, – деді Әбенов.

Оның сөзінше, 10 сотықты құрылыс тұрғызу үшін және 10 гектарды бұрын жер ала алмаған адамдар иеленуі тиіс. Бұл қоғамдағы қысымды азайтып, ішкі миграцияны арттырады деді Әбенов.

“Жерді сатуға қатысты екі түрлі пікір бар. Бұл жалға беру және сатылым. Мен жерді белгілі бір мерзімге жалға беру керек немесе сату. Мысалы, бұрын жерді жалға бердік. Бұл қымбат болса да. Бұл 90 жылдардан бері келе жатқан үрдіс, және біз жер мөлшерін анықтауымыз керек. Қазақстанның барлық аймағында жер мәселесін талқылап жатыр. Мен ауылшаруашылығы министрлігінің бұл ретте қаншалықты болжам жасап, инвестиция салуға дайын екенін білгім келеді”, – деді ол.

Талқылау