Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Ысқақова басына қонып алған дәуітті көрсетіп мақтанды (видео)

Жеңіс Ысқақова келінімен бірге келген дәуітті көрсетіп мақтанды.

Сурет: Жеңіс Ысқақованың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда жұлдызды енелердің тізімін Жеңіс Ысқақова толықтырған болатын. Әншінің ұлы Айбатыр ақ құсын қолына қондырып, бүгін Карина есімді келіннің бетін ашты. Қос ғашықтың жастың көңіл жарастырып жүргеніне биыл 6 жылдан астам уақыт болыпты.

Үйіне келін түсіріп, құдаларды қонақ қылған әнші басына қонған дәуітті көрсетіп мақтанды. Қазақы ырымдарға сай дәуіт байлық пен берекенің нышаны. Осыған орай, Жеңіс ханым “Келініммен бірге құт келді” деп мақтанды.

Әншінің қуанышын желі қолданушылары да бөлісуге асықты. Жүрек жарды тілектерін жарыса жазып жатты. “Келініңіздің қадамы құтты болсын! Береке, ризық әкелсін”, “Дәуіт пайғамбар дейді. Келіннің құт-несібесімен келіп жатыр екен. Өзің де құдайдан сұраған кең пейілді жансың”, “Дәулетті, әулетті болсын”, “Келін құтты болсын! Адал және мейірімді болсын” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Нұртас Адамбай: Мексикалықтардың өзі Головкинді жақтап отыр

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен мені тастаған жоқ! Өтірікті доғарыңыздар

Айнұр Тұрсынбаева 2 000 теңгеге бола өзі сенбейтін ырымды жасаған күндерін еске алды

Қазақстан атынан “Оскарға” ұсынылатын кинокартина белгілі болды

Талқылау