Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай: Мексикалықтардың өзі Головкинді жақтап отыр

Нұртас Адамбай бірнеше аптадан бері Американың көрікті жерлерін аралап жүр. Режиссер жергілікті тұрғындардың Головкинді қолдап, оның соңғы  жекпе-жекте жеңіске лайық болғанын жарыса айтып жатқандарын жеткізді.

Сурет: Нұртас Адамбайдың жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Америкалықтар менің бас киімімді көре салып, Генаның жеңісінің ұрланғанын айтып жатыр! “Мен мексикалық болсам да, нағыз жеңімпаз GGG-ді қолдаймын!” – дейді тұрғындардың бірі. Біздің жеңісімізді адамдардың мойындап жатқанына қуаныштымын. Ал “Гена бұрынғыдай емес”, “Екеуінің тең түскендері дұрыс болды” деп айтатын қазақстандықтармен дұшпан керек емес шығар. Головкин – расымен де, чемпион! Есі дұрыс адамдар мұны біледі”, – дейді Нұртас Адамбай.

Режиссердің пікірін желі қолданушылары да қоштап, Головкин мен Альварес жекпе-жегінің мәселесін тағы бір мәрте көтерді.


Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен мені тастаған жоқ! Өтірікті доғарыңыздар

Айнұр Тұрсынбаева 2 000 теңгеге бола өзі сенбейтін ырымды жасаған күндерін еске алды

Қазақстан атынан “Оскарға” ұсынылатын кинокартина белгілі болды

Төреғали Төреәлі концертінде Қайрат Нұртас секілді шоу жасамайтын болды

Талқылау