Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңімпаз “Салмақхана” жобасынан алған 200 мың теңгелік сертификатты көп балалы анаға табыстады

“Салмақхана” жобасының ұтыс ойынына қатысып, 200 мың теңгелік сертификат ұтып алған көрермен бұл жеңісін қайырымдылыққа арнады.

3

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Салмақхана» жобасының жеңімпазын дәл тауып, “Технодом” дүкендер желісіне сертификат ұтып алған көрерменіміз көпбалалы анаға сыйлығын өз қолымен табыстады. Жасқа  толмаған бүлдіршіндерінің жәрдемақысына пәтер жалдап, жұмыссыз отырған келіншектің көмекке зәру екендігін осыдан бұрын да айтылған болатын.

“Жақсы кісілер көп екен. Атымды атама деген кісілер де болды. Киім алып келіп берді бала-шағаға, біраз тамақ көтеріп алып кеп берді, етімді алып кеп беріп жатыр. Тамақтан қиналып жатқанымыз жоқ”, – деп Гүлжахан Құрбантаева елімізде мейірімді жандардың көп екенін тілге тиек етті.

“Балалардың кірін жуатын кір жуғыш машина алдым, үй тазалайтын, тоңазытқыш, тамақ жылытатын, нан салатын бәрі сол үйге керек, армандап жүрген заттарымызға қол жеткіздік бүгін. Біріншіден сіздерге, екіншіден Әсел қызға көп рахмет. Алла разы болсын!” – деп Гүлжахан Құрбантаева сертификатты табыстаған бойжеткенге алғыс айтты.

Талқылау