Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жемқорлық пен құпия: Өндірісті мемлекет меншігіне өткізу неге әкеліп соғады

Мемлекет меншігіне айналдыру жекешелендірмейді. Сөйлемді қалай қолданған дұрыс? Бүгінде 1990 жылдардың басында жекешелендірілген өнеркәсіптік активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тақырып әлі талқыланып келеді. Қазақстан посткеңестік дәуірде өндірісті өрістете алмады. Ал қазір бұл мүмкін бе? Ел 30 жыл ішінде ірі өнеркәсіптік алаңдарды толық қамтып, дамыта алатындай деңгейге жетті ме? Олай болса үкіметтің кәсіпорындарды мемлекет меншігіне алуға дайындығы мен оның қандай тәуекелдерге әкелуі мүмкін екенін талдайық.

Фото https://unsplash.com/s/photos

Тарихқа көз жүгіртсек, кейбір жағдайда мемлекет меншігіне айналдыру жұмыстарының сыбайлас жемқорлық, тиімсіз басқару және өнімділіктің төмендеуі сияқты жағымсыз салдарға әкелгенін көруге болады.

Мемлекет меншігіне алудың кеңестік тәжірибесі

Мемлекет меншігіне алудың алғашқы ауқымды тәжірибесі Кеңес Одағында болды. Атап айтқанда 1918 жылдан бастап 9,5 мыңнан астам кәсіпорын мемлекеттік бақылауға өтті. Ал 1919 жылдың жазына қарай олардың саны 37 мыңнан асты. Бұл процесс салдарынан әртүрлі салаларда мемлекеттік монополия орнап, ел экономикасына айтарлықтай әсер етті. Барлығы большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметінің қолында болды. 1917 жылы басталған "капиталдың құлдырауы" көптеген кәсіпорындардың иесіз қалуына әкеліп соқты. Бастапқыда большевиктер өнеркәсіптік нысандарды мемлекет меншігіне айналдыруды жоспарламады. Бірақ бұл контрреволюциялық күштермен күресудің тиімді құралы болды. Қазақстанда 1918 жылы Екібазтұз, Қарағанды, Риддер кеніштері, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, спас мыс балқыту зауыты және т. б. өнеркәсіп орындары Кеңес билігіне мемлекет меншігіне айналдыру бойынша жарлықтармен өтті.

Құбырларды мемлекет меншігіне айналдырудың канадалық мысалы 

2017 жылы Канадада Азияға мұнай экспортын ұлғайтуды көздейтін Kinder Morgan мұнай құбырын кеңейту жобасы үлкен наразылық пен кедергілерге тап болды. Нәтижесінде Канада үкіметі оның құрылысын қамтамасыз ету үшін 4,5 миллиард долларлық жобаны мемлекет меншігіне алды. Бұл шешімнің салдары түрлі дау-дамай мен қызу пікірталас тудырды. Салық төлеушілер алдында Канаданың қаржы министрі Билл Морно: "Бұл Канаданың болашағына инвестиция болады", - деді. 4,5 миллиард долларға "Kinder Morgan" 1953 жылы салынған 1150 мұнай құбырының барлық құқықтарын, сондай-ақ екінші мұнай құбырының аяқталмаған инфрақұрылымын мемлекетке берді. Оны аяқтау үшін тағы 3 миллиард доллар қажет болды. Бұл жағдайда мемлекет меншігіне беру мәжбүрлі шара болды. Себебі "Kinder Morgan" британдық Колумбия үкіметінің санкцияларын күтті. 

Активтерді құтқарудың дәл осындай шарасын 1984 жылы АҚШ үкіметі Continental Illinois bank and Trust банкін сатып алу арқылы көрсетті. Ал 10 жылдан кейін ол ең ірі Bank of America-ға сатылды. Бұл туралы да көптеген қауесеттер болды. Себебі бұл банк секторында белгілі бір беделге нұқсан келтірді. Осы жағдайлардан мемлекет меншігіне өткізуді қаржы институттарын тұрақтандыру үшін уақытша шара ретінде пайдалануға болатынын көрсетеді.

ТМД елдеріндегі тәжірибелер

Ресейде неміс Uniper және фин Fortum энергетикалық компанияларының активтері Украинамен соғыс басталғаннан кейін мемлекеттің басқаруына бірінші болып өткен еді. Меншік иесінің ауысуы басшылықтың өзгеруіне, инвестициялық жобалардың тоқтауына, активтердің құнсыздануына, сатып алуға байланысты ірі мемлекеттік шығындарға, үлкен тәуекелдерге әкелді.

Қырғызстанда 2021 жылға дейін канадалық Centerra Gold компаниясына тиесілі Кумтор алтын өндіру кәсіпорнын мемлекет меншігіне өткізу үлкен жанжалға айналды. Centerra Gold қырғыз халқына жасаған ресми үндеуінде кеніштің басып алынғаны туралы хабарлады: "Біз үкіметтің негізсіз әрекеттері мыңдаған жалақысы жақсы төленетін жұмыс орындары мен жүздеген қырғыз кәсіпкерлерінің бизнесіне қауіп төндіреді деп қорқамыз", – деді компания. Елдің ең ірі жұмыс берушісі және салық төлеушісі атанған инвестор жаңа меншік иесін шахтаның ұзақ мерзімді өміршеңдігіне елеулі қауіп төндірді деп айыптады. Сонымен қатарғ Кумтор төңірегіндегі ахуалда келтірген экологиялық залал, Қырғызстанның жоғары басшылығының жеке мүдделері және сыбайлас жемқорлық схемалары бойынша да жанжалдар туындады. Осы жанжалдан кейін Қырғызстанның тау-кен өнеркәсібінен көптеген инвесторлардың кетуі байқалды.

1990 жылдары ТМД елдеріндегі жекешелендіру көптеген кәсіпорындарды банкроттық пен күйреуден құтқарып, адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп, тоқтап тұрған өндірістерді іске қосуға, жаңа салалардың пайда болуын ынталандыратын мәжбүрлі шара болды. Ал қазір мемлекет меншігіне алу теріс салдарға әкелуі мүмкін. Мақалада келтірілген мысалдарда мемлекетке өткізу тиімділік пен өнімділіктің төмендеуіне, жеке бастаманың шектелуіне және мемлекеттік кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Сондықтан бұл қауіптің алдын алу үшін мемлекет меншігіне айналдыру бағытын мұқият қарастыру маңызды.

Талқылау