Желідегілер Медеу Арынбаев пен ұлының ұқсастығына қайран қалды

Танымал әнші Медеу Арынбаев өзінің 50 жасқа толған туған күнін кішігірім етіп атап өтті. Әнші туған-туыстары мен өнердегі дос-жарандарының басын қосты.

майгазиев

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Арынбаев өзінің өмірлік серігінен айырылып қалғаннан кейін екінші рет отау құрған жоқ. Себебі ол ұл-қызының қас-қабағына кірбің түсіріп алудан қорқады.

“Өзімді ойлап үйленер болсам қыз көп”, – деген болатын ол бір сұхбатында.

Күні кеше әнші Сәкен Майғазиев Арынбаев пен оның жалғыз атұстарымен бірге түскен суретін желіге жүктеп қойды.

“Медеу ағамыздың “Батыр болар ма екенсің алып тұлғалы, Ақын болар ма екенсің жазар жыр, әнді…” деп ақжолтай болып, ән арнаған алтын асықтай ұлы Арынбаев Дәулет құлыншақпен. Бүгінгі Медеу ағамыздың туған күнінен естелік”, – деп атап өтті Майғазиев.

Желідегілер Дәулеттің тез есейіп кеткенін айтып жатыр. Көпшілік оның әкесіне қатты ұқсап қалғанын айтып, қайран қалуда.

“Аман болсын, үлкен жігіт болыпты. Құтты болсын туған күніңіз, Медеу аға сізге үйлену керек”, “Медеу ағадан аумайды, ер жетіпті”, “МашАлла, үлкен азамат болыпты, ұл-қызының қызығын көрсін”, “Жаным-ай, ер жетіпті ғой”, бақытты болсын, анасы көрмей кеткен қызықты әкесі көрсін”, “Нағыз азамат болған екен, сымбатты жігіт боп өсіпті айналайын, әкеңнің үмітін ақтайтын бол”, – дейді желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақаттың жерік асын тауып әкелген Қыдырәлі көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Шашын сары түске бояп тастаған Майғазиев сынға қалды (фото)

Димаштың әніне тебіреніп кеткен Жазира Байырбекова “Дайдидауды” өзінше орындап шықты (видео)

Димашқа дауыс бергіңіз келсе мұнда кіріңіз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар