Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың әніне тебіреніп кеткен Жазира Байырбекова “Дайдидауды” өзінше орындап шықты (видео)

Димаштың әніне тебіреніп кеткен Жазира Байырбекова “Дайдидау” әнін өзінше стильде орындап шықты.

димаш пен жазира

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Димаш, бәріміздің шабытымызды оятып жібердің. Ұйқыдан тұра сала, бетімді де жумай ән айтқым келіп кетті. Үйде адамдар ұйықтап жатыр сол үшін балконға шығып кеттім. Димаш Құдайбергенов, осы бағытпен тек қана алға! Біз сені әлемге танымал болғаныңды қалаймыз!” – деп ой бөлісті Байырбекова.

Желі оқырмандарының пікірі сан-саққа жүгірді. Кейбіреулер Байырбекованың “Дайдидауға” ерекше әр бергенін айтып жатса, ендігілер бұл әнді Димаштан өзге ешкім мінсіз деңгейде орындай алмайтынын ескертуде.

“Димаш тіпті әншілерге де шабыт берді, жарайсың қазақтың арысы. Ал Жазира сіз мынадай дауыспен әлемге қазақ қыздарының қандай екенін көрсеттіңіз”, “Дарынды адамның шабыты уақыт талғамайды ғой”, “Міне, ос жанды дауыспен орындалған әннің құдіреті қандай керемет”, “Қазақтың бұлбұлы”, “Димаш бауырымыз Алла қаласа әлемді оятады”, “Жақсы-ақ, бірақ Димаштың айтуы ерекше”, “Димаштың орындауына ешкім жетпейді, даусы құлағымыздан кетпейді, аман болып, жарқырап жүре берсін”, – дейді олар.

Есте болса, өткен сенбіде Димаш қазақтың халық әні “Дайдидау” мен “Адай” күйін әлемге паш етті. Қазақтың әні мен күйін Қытай сахнасында орындаған Димаш одан кейін ағыл-тегіл жылады. Себебі ол көздеген мақсатына жетті.

Жіберіп алмаңыз:

Димашқа дауыс бергіңіз келсе мұнда кіріңіз

“Ayumi” тобындағы Айдана ақ жаулықты келін атанды (фото, видео)

Ақбота Сейтмағамбет үш баланың әкесі Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты

Сая Оразғалиева: Сүйіктім Құдайдан Тәуекел екеумізді сүйісіп қоймаса екен деп тілеп жүр

Талқылау