Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димашқа дауыс бергіңіз келсе мұнда кіріңіз

“I am a Singer” жобасының бір ерекшелігі – әр сайыстың нәтижесі шыққаннан кейін де халық өзі ұнатқан өнерпазға дауыс бере алады. Осылайша Қытай xалқы апта бойы жоба қорытындысын талдап, саралап, үздіктерді тәуелсіз ғаламторда бағалайды.

Dimash number one

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін Димаштың Қытайдағы ең танымал жұлдыздар тізімінде көш бастап тұрғанын бірнеше рет жаздық. Ол рейтинг осы халықтың бағалауынан шыққан. Енді Димашқа сіз де дауыс бере аласыз. Ол үшін мына сілтеменің үстінен басып, Димаштың “Дайдидау” әніне “лүпіл” басуыңыз керек!

Айта кетейік, Димаш қазірдің өзінде 19 миллионға жуық дауыс жинап, бірінші орында тұр. Ал екінші орынға жайғасқан қытайлық әнші Димаштан 12 миллионға қалып барады. Оның еншісінде небәрі 6 миллион 400 мың дауыс.

димаш намбер уан

Есте болса, өткен сенбіде Димаш қазақтың халық әні “Дайдидау” мен “Адай” күйін әлемге паш етті. Қазақтың әні мен күйін Қытай сахнасында орындаған Димаш одан кейін ағыл-тегіл жылады. Себебі ол көздеген мақсатына жетті.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген тұңғыш президент қоры сыйлығының лауреаты атанды

Димаш 45 мемлекетте таралатын журналдың мұқабасына шықты (фото)

“Ayumi” тобындағы Айдана ақ жаулықты келін атанды (фото, видео)

Ақбота Сейтмағамбет үш баланың әкесі Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шықты

 

Талқылау