Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Серік Ахметовтің түрмеде футбол ойнап жүрген сәтінің суреті пайда болды (фото)

Ғаламторда экс-премьер-министр Серік Ахметовтің түзеу мекемесінде өзге жазасын өтеушілермен бірге футбол ойнап жүрген сәтінің суреті жарияланды.

17309179_1341729705891665_5317941068748229287_n

«Бұрынғы премьер Серік Ахметов АК/159/18 түзеу мекемесіндегі футбол командасында ойнайды. Оның қиындыққа мойымағаны қуантады»- деп жазады Аян Шәріпбаев есімді желі қолданушысы суреттің WhatsApp желісінде тарағанын айта келіп.

Суретте бір топ спорттық киім киген азаматтар ішінде Серік Ахметов тұр. Фотода «АК/159/18 футбол командасы (ортада тұрған Серік Ахметов) деп жазылған. Сурет желіде тез таралып кетті. Көпшілік бұған түрлі пікір жазысып жатыр.

Желі қолданушыларының басым бөлігі бұрынғы шенеунікке амандық тілеуде.

Айта кетейік, бұрынғы премьер-министр 2014 жылы мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен үй қамаққа алынған еді. 2015 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 2016 жылы  жазасын өтеу мерзімі 8 жылға қасқартылды.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев мерзімінен бұрын сайлау өткізуге қатысты пікір білдірді (видео)

Төрт қазақстандыққа мешітте “әмин” сөзін айтқаны үшін айыппұл салынды

Шымкентте жол бойында тұрып жанармай сұрайтын алаяқ қыз пайда болды (видео)

Талқылау