Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жекеменшік әуе компаниясы министрлікті лобби жасады деп айыптап отыр

Елімізде бірнеше әуе компаниясының төңірегіндегі дау әлі басылмай тұр. Азаматтық авиация комитеті «Бек Эйр», «Жетісу» мен «Жезқазған Эйр» компанияларына ұшуға тыйым салған болатын.

292ab0b26498290b517cf204930ae280-big

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Өйткені, әуе тасымалдаушылары сапа мен қауіпсіздікті бағалайтын халықаралық ұйымның сертификатын алмаған. Мұндай тыйымға қарамастан жолаушы тасымалын әлі тоқтатпаған әуе компанияларына 31-ші желтоқсанға дейін уақыт берілген еді.

Бірақ біреуі де халықаралық әуе тасымалдаушылар қауымдастығымен сол күйі келісімге келмеген. Авиация комитеті бұл тасымалдаушылардың тексерістен қорқып отырғанын айтып отыр.

Ал, дауға қалған әуе компаниялары ұшуға салынған тыйымның заңсыз екенін алға тартып, Инвеститция және даму министрлігін сотқа беріп қойған. Айтуларынша, құны 20 миллион теңгеден асатын сертификатты алуды талап еткен министрлік басқа әуе тасымалдаушыларына лобби жасап отыр.

Талқылау