Жазира Байырбекова: Көңіліме қаяу түсіргендерден алыс жүргім келеді

Дүйсенбі, 9 Қаңтар , 2017 13:18

Жазира Байырбекова адамдардың өзіне қатысты жаман әрекетін кешіруге дайын екенін жеткізді. Алайда ол кешіргенімен, олардан алыс жүруді жөн көреді екен.

15875670_1834432946781696_2380522543346876416_n

Фото: instagram.com/zhazira.bayirbekova/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Жазира Байырбекова құрбысын көтере алмай жұртты күлдірлген болатын. Бұл жолы әншінің жазбасы оқырманға түрлі ой салды. “Мен кекшіл емеспін. Кешірімдімін. Ешкімге ренжімеймін. Тек көңіліме қаяу түсірген адамдардан алыстау жүргім келеді”, – деп жазды ол суретінің тұсына.  Желі қолданушылары әншіні ренжіткен адамның есімін білуге асықты. Мұнымен қатар, оның бұл пікірін қоштай түскендер де.

“Қамшының сабындай қысқа өмірді кешіріммен, сыйластықпен өткізген дұрыс. Ренжіп жүрген адамыңызды, сізді алда не күтіп тұрғаны белгісіз. Ол тек бір Аллаға аян”, “Бір жағынан кешірімдімін дейсіз. Екінші жағынан алыстау жүремін дейсіз. Аздап түсініксіздеу”, “Жазира ханым, ол адам туысыңыз болса ше? Одан алыстап кете алмайсыз ғой. Өз басымды осы сұрақтың жауабы қатты қызықтырады”,

“Алла әр адамға төзім берілетін сияқты. Әртүрлі іс-әрекетпен көрсетеді. Мен де кетіп қалуға тырысамын. Бірақ өмір болған соң араласасың. Реніш ұште қалып қояды. Кешірдім дейтіндерді де көп түсінбеймін. Сол сәтте бұлқан-талқан болып бәрін айтып салады емес пе?!”, “Дұрыс сияқты. Бірақ бірге туған бауырың қал-жағдайыңды сұрамаса ренжисің. Өзің де, отбасың да аман жүрсін” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Ердос Қанаев өзін тыңдармандардан қызғанатын келіншегін сабырға шақыратынын айтты

Асхат Тарғын мен Ринат Зайытов тойдағы төбелестері туралы шындықты айтты (видео)

Баян Есентаева құрбысы Динара Сәтжанға суретпен жауап берді (фото)

Ерке Есмахан қайда барса өзімен бірге шай көтеріп жүретінін айтты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар