Жаздың ыстық күндерінде сергектік сыйлайтын кофеден жасалған коктейльдер

Дүйсенбі, 16 Мамыр , 2016 16:25

Кофе сүйер қауымның жаздың ыстық күндерінің өзінде кофеден бас тарта алмайтыны анық. Бұл ретте сөз қайнатылған кофе жайлы емес.

Coffee006

Сурет: italy4.me

Сергітіп қана қоймай, салқындық сыйлайтын кофеден жасалған коктейльдерді жасау үшін миксердің де, шейкердің де қажеті жоқ. Тек шанышқыңыз болса жеткілікті. Бұл істің шеберлері ыдыстың үштен бір бөлігін мұзбен толтыруға кеңес береді.

Классикалық суық фраппе

9371215-650-1463128839-shutterstock_176621855

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:
• екі есе эспрессо
• мұз – 1/3 бокал
• сүт – 100 мл
• қант немесе шоколад шәрбаты
• шоколад ұнтағы, кофе дәндері

Дайындалуы:
1. Мұз текшелерін блендер көмегімен ұсақтаймыз. Блендер болмаған жағдайда, мұз текшелерін орамалға салып, оқтаумен ұсақтауға болады.
2. Ұсақталған мұзды бокалға саламыз.
3. Бөлек ыдыста эспрессо, қант шәрбаты, сүтті шанышқы не шейкермен араластырамыз.
4. Фраппені мұз салынған бокалға құямыз.
5. Шоколад ұнтақтары, кофе дәндерімен безендіреміз.

Шоколадты-жалбызды ләззат

9371165-650-1463128839-shutterstock_281236598

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:
• жаңа қайнатылған кофе – 150 мл
• ащы шоколад – 100 г
• жалбыз шәрбаты немесе ликер
• кілегей балмұздағы

Дайындалуы:
1. Сүзгіден өткізілген кофеге шоколад салып, баяу отта шоколадты ерітеміз.
2. Қоспаның сәл суығанын күтіп, шәрбат қосамыз.
3. Блендердің көмегімен шайқаймыз.
4. Мұз текшелерін ұсақтап, бокалға саламыз.
5. Сусынды мұз салынған бокалға құямыз.
6. Үстіне балмұздақ салып, шоколад ұнтағымен безендіреміз.

Тәттіқұмарларға арналған бананды кофе

9371065-650-1463128839-shutterstock_252168046

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:
• күшті кофе – 350 мл
• балмұздақ – 100 г
• банан – 1 дана
• корица – бір шымшым
• шоколад ұнтағы – бір шымшым

Дайындалуы:
1. Кофе қайнатып, сүзгіден өткізіп, суытып қоямыз. Суыған соң балмұздақ қосамыз.
2. Бананды езіп, балмұздақ қосылған кофеге салып, блендермен шайқаймыз.
3. Бокалға ұсақталған мұзды салып, сусынымызды құямыз.
4. Бетіне корица және шоколад себеміз.

Апельсин жарылысы

9371315-650-1463128839-shutterstock_325470140

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:
• жаңа қайнатылған кофе – 200 мл
• апельсин – 2 дана
• қант ұнтағы
• шайқалған кілегей, печенье, жаңғақ ұнтағы

Дайындалуы:
1. Апелсинді қабығынан аршып, шырынын сығып аламыз.
2. Қабығын ыдысқа салып, бір стақан су құйып, қант ұнтағын саламыз. Баяу отта 5 минут қайнатамыз. Дайын болған шәрбатты қабығынан сүзіп алып, суытып қоямыз.
3. Кофені қайнатып, суытамыз. Суығаннан кейін апельсин шырыны, шәрбатын қосып, шанышқымен араластырамыз.
4. Мұз салынған бокалға құйып, шайқалған кілегей қосып, печенье және жаңғақ ұнтақтарымен безендіреміз.

Жазғы кофе смузиі

9371265-650-1463128839-shutterstock_364829132

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:
• эспрессо – 200 мл
• банан – 1дана
• йогурт – 150 мл
• корица – 1 шымшым
• какао-ұнтағы – 1 ас қасық
• жаңа піскен жидектер
• шайқалған кілегей, шоколад шәрбаты, бадам күлетелері

Дайындалуы:
1. Кофе қайнатып, суытып аламыз.
2. Мұзды ұсақтап, стақанға саламыз.
3. Йогурт, банан, жидектер, какао, корицаны блендермен біртектес болғанша араластырамыз.
4. Сусынды стақанға құямыз.
5. Шайқалған кілегей қосып, шәрбат және бадам күлтелерімен безендіреміз.

Құлпынайлы кофе

9371365-650-1463128839-shutterstock_285425093

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:
• эспрессо – 2 шынаяқ
• таңқурай шәрбаты – 2 шай қасық
• шоколад шәрбаты – 2 шай қасық
• құлпынай
• шайқалған кілегей
• балмұздақ – 2 дөңгелекше
• какао-ұнтағы
• кофе дәндері

Дайындалуы:
1. Кофені қайнатып, суытып қоямыз.
2. Стақанға ұсақталған мұз саламыз.
3. Жидектерді төртке бөліп тураймыз. Туралған жидектерді мұз салынған стақанға саламыз.
4. Стақанға кофе мен шәрбат құямыз.
5. Шайқалған кілегей қосамыз.
6. Үстіне балмұзадқ дөңгелекшесін саламыз.
7. Какао және кофе дәндерімен безендіреміз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар