Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жігіт метро рельсіне құлап кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды (видео)

Италияның Милан қаласында 18 жастағы Лоренцо Пианацца метрополитен рельсіне құлап кеткен 2 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Сегодня басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға М3 желісінің «Repubblica» станциясында орын алған. Лоренцо лицейден үйіне қайтып келе жатқан. Ол станцияға метро пойызы жақындап қалғанда, анасынан қашқан бүлдіршіннің рельске құлап кеткенін көріпті. Бүлдіршіннің анасы мен өзге жолаушылар не істерін білмей тұрған кезде жігіт төменге секіріп түсіп, баланы алып шығады.

Мұның барлығы небары 5 секунд ішінде орын алған. Қуанышқа орай, диспетчер болған оқиғаны байқап, метро пойызының жүргізушісіне хабар берген. Нәтижесінде пойыз дер кезінде тоқтады.

Оқи отырыңыз:

Белгісіз біреу Өзбекстанмен шекарада ішінде 500 мың доллар бар сөмке тастап кеткен

Бүлдіршін суретке түсіріп тұрған анасының көз алдында баспалдақтан құлап кетті (видео)

Танымал әнші жолында кездескен адамдарға миллион доллар таратып берді (фото)

Ер адам дәретхана құбырына түсіп кетіп 3 күн бойы шыға алмаған (видео)

Талқылау