Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші жолында кездескен адамдарға миллион доллар таратып берді (фото)

Канадалық рэп орындаушысы Drake «God’s Plan» аталатын жаңа бейнебаянының түсірілімі барысында қайырымдылық ретінде Майами тұрғындарына 996 мың доллар таратып берді, деп хабарлайды Tjournal басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Музыкант адамдардың дүкенде сатып алған заттарының ақшасын төлеп беріп, бірнеше отбасыға жаңа автокөлік сыйлап, студентте, мектептер мен өрт сөндірушілерге қаржылық тұрғыдан көмектесті. Сондай-ақ, көшеде кездескен мұқтаж жандарға ақша таратып берді.

«Біз барлық ақшаны тараттық. Лейблге айтпаңыздар», – делінеді бейнебаян басында.

Ал 31 жастағы рэп орындаушысы өзінің Instagram парақшасында бұл акцияны «өмірімдегі ең маңызды іс» деп атады.

Өз кезегінде желі қолданушылары рэп орындаушысының әрекетіне тәнті болып, алғыс айтып жатты.

Айта кетсек, 2017 жылы Forbes журналы әншіні әлем бойынша ең көп ақша төленетін музыканттар қатарына қосқан еді. Әншінің табысы 94 миллион долларды құраған.

Оқи отырыңыз:

Ер адам дәретхана құбырына түсіп кетіп 3 күн бойы шыға алмаған (видео)

Егіздердің бірігіп кеткен жүрегін ажырату үшін 75 дәрігер 7 сағат ота жасады (фото)

Ер адам өз ұсынысынан бас тартқан әйелдің бетіне қышқыл шашып жіберген

Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада бір журналист қайтыс болды

Талқылау