Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жас қанат-2017» байқауының жеңімпазы анықталды

Астанада «Жас қанат-2017» республикалық жас орындаушылар байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды байқаудың баспасөз қызметі.

20170515004534

Ақтық сында «Алтын қанат» үшін 5 конкурсант бақ таластырды. Олар 18 жастағы талдықорғандық әнші Әнел Смайылова, Петропавлдан келген 20 жастағы Бүркіт Жанай, өскемендік IN CORO тобы, Алматының намысын қорғаған 15 жастағы Томирис Жанғазинова және Павлодардан 28 жастағы Мадияр Бақтияров.

BERKUTZhANAY

Қазылар алқасына жеңімпазды таңдау оңайға соқпады. Дегенмен, үздік әнші әрі «Жас қанаттың» биылғы «алтын қанатының» иегері анықталды. Ол – Мадияр Бақтияров.

Екінші орын және «күміс қанат» Бүркіт Жанайға, үшінші орын және «қола қанат» IN CORO тобына бұйырды.

INCORO

Еске салайық, «Жас Қанаттың» 2016 жылғы жеңімпазы Семей қаласының жас орындаушысы Парасат Отан болды.

Тағы да оқыңыз:

Жүрсін Ерман Асанәлі Әшімовпен байланысты өміріндегі қызық оқиғаларын айтып берді

Сәбит Абдыхалықов: Елдің қолына су құйып жүргеніміздің өзі үлкен мәртебе

Нағашылары қазақ Кристиан Костов “Евровидение-2017” байқауында ІІ орын алды (видео)

Талқылау