Жүрсін Ерман Асанәлі Әшімовпен байланысты өміріндегі қызық оқиғаларын айтып берді

Жексенбі, 14 Мамыр , 2017 21:00

Кеше ғана 80 жылдығын дүркіретіп атап өткен аңыз адам Асанәлі Әшімовтің тойында замандастары Әшімовке байланысты өміріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті.

erman

Ақын бұл туралы Stan.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді.

Жүрсін Ерманды көрген жұрт әуелі Асанәлі Әшімовке ұқсатып, кейін суретке түсуге құмарланып тұрады екен. Тіпті, кейде журналистердің өзі шатасатын көрінеді. Жүрсін Ерман «жанымыз ұқсас болған соң, түріміз де ұқсап кеткен шығар» дейді.

«Жақында мынадай болды. Өзі жұрт Асанәлі екеумізді шатастыра береді. Өзіме мүлдем ұқсамайтын сияқтымыз. Бірақ, Асанәліні мен деп, мені Асанәлі деп қалатын жағдайлар болды. Ана жылы Ағыбай батырдың тойына барып, 300 жылдығында Ағадір ауылынан қайтып келе жатырмыз. Оралхан Бөкеев бар қасымда. Содан дәу қазақ машинамызды басып кете жаздап, атпен шауып келе жатыр. Артымыздан қалмай қойды. «Оралхан қарашы, мына қазаққа қарыз емессің бе?» дедім. «Қарыз емеспін», – дейді Оралхан.

Сосын тоқтадық. Салмағы 160 келідей бір дәу жігіт аттан домалап түсті. Кейін таныстым. Иман Түсіп деген жігіт екен.

«Асеке, Асеке дейді маған. Мына Қарабұлақ деген ауылға қонақ болып кетіңіз” дейді. Ол ол ма, сондай жақында бір телеарна да болды. Асекенің 80 жылдығына байланысты бір хабарға қатысып едік. Асеке екеуміз қатар тұрғанбыз. Екі қыз бала келіп, “Аса аға, суретке түсейік” деді. «Ей, сендер мені білесіңдер ме, менің киноларымды көрдіңдер ме?» дедім. «Ойбай ау, сіздің киноларды көрмегенде кімді көрдік» дейді. Асеке қасымызда күліп тұр. Өзі куә болды. Жанымыз жақын болған соң, түріміз ұқсайтын шығар”, – Ерман.

Оның үстіне Асанәлі Әшімовтың өзі Жүрмін Ерманды дублерім дейді екен. Жақында Әшімов үшін ақын киноға да түсіп беріпті.

«Ол кісі мені дублерім деп жүреді. Ана жылы Асанәлінің орнына «Каникулы Камбара» деген киноға түстім. Шалдың рөлін сомдадым. Содан бері дублерім дейді», – деп ағынан жарылды Жүрсін Ерман.

Тағы да оқыңыз:

Сәбит Абдыхалықов: Елдің қолына су құйып жүргеніміздің өзі үлкен мәртебе

Қазақстандық актер Әділ Ахметовті Ресей мамандары кинога түсуге шақырды

Нағашылары қазақ Кристиан Костов “Евровидение-2017” байқауында ІІ орын алды (видео)

Ағылшынша мінсіз сөйлеген Мақпал Жүнісованың қызы жұртты таңдай қақтырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар