Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлер Тәуекел Мүсілімді кір жейдесі үшін ұялтып тастады

Еліміздегі ең танымал сүрбойдақтардың бірі Тәуекел Мүсілімнің жеке өмірі көрермен қауымға қашан да қызық. Тәуекел қашан отбасын құрады? Актердің сүйіктісі кім? – Өнер иесіне жолданатын сансыз сауалдар легі осындай, деп жазады Stan.kz.

Тәуекел Мүсілім

Бұл жолы аңғарымпаз жанкүйерлер Тәуекел Мүсілімнің жейдесінен дақ тауып алып, ескі әңгімені қайта қозғады. Олар жасы 30-ға келген актерге тез арада үйленуге кеңес берді.

Ал кезекті тартымды фотосын жүктеген Тәуекел Мүсілім бұл постты ағасына жеңге іздеу мақсатында жазған еді.

«Үлкен ағаң жақсы фотограф болса осы. Ерлан, енді маған жақсы бір жеңге болса», – деген Тәуекел желідегілердің қызу талқысына түсті.

Желідегілер Мүсілімге жеңге емес, жар керек екенін алға тартты.

Оқи отырыңыз: 

Әнші Бүркіт ұлт зиялысы Шахановты тірі кезінде бағалауға шақырды

«Евровидение» жеңімпазы Кончита Вурст біраздан бері ВИЧ инфекциясынан емделіп жүргенін айтты

Қарттар үйінде концерт қойған Мәдина Сәдуақасова көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)

Баян Мақсатқызын көше ортасында “айналдырған” Тұрсын Алагөзов жұртты сүйсіндірді (видео)

Талқылау