Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония ойнас әйелдерге салынған ескерткіш үшін елшісін Сеулден қайтарып алды

“Жұбаныш әйелдер” жүйесі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Оңтүстік-Шығыс әскері елдерінде жапон әскерлерінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін енгізілген мәжбүрлі жезөкшелік түрі болып саналады.

1330044

Жапон билігі өз елшісін Оңтүстік Кореядан уақытша қайтарып алды, бұған себеп – Пусанда Жапонияның бас консулдығының қарсы алдында орнатылған “жұбаныш әйелдерге” арналған символикалық ескерткіш.

Ескерткіш Оңтүстік Корея мен Жапония арасындағы келісімге жыл толуына орай желтоқсан айының соңында орнатылған болатын. Бұл келісім бойынша, Жапония “жұбаныш әйелдерге”келтірілген зиян үшін 1 миллиард иена төлеуге тиіс еді.

“Жапония үкіметі бұл оқиғаға қатты налып отыр”, — деп мәлімдеді Жапонияның министрлер кабинеті бас хатшысы Ёсихидэ Суга деп жазады Франс Пресс. Елшіні уақытша қайтарып алудан бөлек, басқа да шаралар туралы, оның ішінде жоғарғы деңгейдегі экономикалық келіссөздерді тоқтату жайында айтылды.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық бай азаматтар қазақ қыздарына құда түспек

Түрік газеті Ыстанбұлда қанды қырғын жасаған террористі Обамаға ұқсатып қойды

Ыстанбұл тұрғындары көшеде өтіп бара жатқан азаматты лаңкес екен деп сабап тастады (видео)

Анасы смс жазып отырғанда баласы бассейнге батып кетті (видео)

 

Талқылау