Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Космонавттың бойы ғарышта 9 сантиметрге өскен

Жапондық космонавт Норисигэ Канаи ғарышта үш апта болғанда бойы 9 см-ге өскен. Бұл туралы ол Twitter парақшасында  жазды.

“Бүгін менде маңызды жаңалық. Мен медициналық тексеруден өттім. Онда менің бойым 3 аптада 9 см-ге өскенін білдім”, -деп жазған парақшасында.

Хирург-ортопед Владимир Хорошевтің айтуынша, әдетте, ғарышкерлердің бойы ғарышта екі-үш сантиметрге өседі. Өйткені салмақсыздықтың салдарынан омыртқаға күш түспейді. Бірақ жерге оралған соң қайта қалпына келетінін айтты.

“9 см, әрине көп, бірақ солай болуы да мүмкін жағдай. Әр адамның денесі өзінше сезінеді»,- дейді Ұлыбритания Ғарыш агенттігінің өкілі Либби Джексон.

“Мен үш аптаның ішінде өсімдік сияқты өстім. Қайта оралғанда “Союз” кемесіне симай қаламын ба деп аздап қобалжудамын”,- деп жазды ғарышкер.

Норисигэ Канаи үшін бұл – ғарышқа алғашқы сапар. Бұдан бұрын ол Жапонияның  әскери-теңіз күштерінде дәрігер болып қызмет еткен.

Тағы оқыңыз:

Дәрігерлер пойыз астына түскен сәбидің екі аяғын денесіне қайта қосып берді

Үйін сатып, балаларын мектептен шығарып алған отбасы жер-жаһанды шарлап жүр (видео)

Арабияда медбикелер қауіпті инфекция жұқтырған сәбиді мазақ еткен (видео)

Лондонда 300-ге жуық жолаушы метроға шалбарсыз келген (видео)

Талқылау