Жанар Айжанова баланың тұсауын кескен адамның міндетін түсіндірді (фото)

Сәрсенбі, 19 Сәуір , 2017 11:49

Алғашында 100 адамға «Береке» мейрамханасына дастархан жаюды көздеген Жасұлан Базарбаев той күні мейрамханасын лезде өзгертті. Асхат Тарғыновтың үйлену кеші дүркіреп өткен «Сәтті» мейрамханасында 200 адамды қонақ етті.

кеш4

Онда қазақ шоу бизнесінің «қаймақтарының» барлығы жүр,-деп жазды той қонағы болып қайтқан Stan.kz тілшісі.

Көптен көрінбей кеткен Тоқтар мен Бейбіт, Мөлдір Әуелбекова, Жанар Айжанова да келіпті. Музарт тобы, Меломен тобы, Жігіттер тобындағы барлық жігіттері тайлы тұяғымен келген.

кеш9

Продюсерлер де қазір тойдан қалыс қалмайтын болған. Гүлзира Айдарбекова, Төреғалидің әкесі әрі продюсері – Төреәлі мырза, Бауыржан Есебаев, Ерғали Әбдірайымов келген. Кеше ғана тамағына ота жасатқан Мырзаханда әннен шашу шашып, көптің қошеметіне ие болды.

кеш

Ал, екі бүйрегіне ота жасатуға шетелге кеткен Жігер Ауыпбаев та ән айтып мәз.

Асылбек Боранбаев бастаған әзілкештер де тойға келіпті.
Жанерке Жасұланқызының тұсауын Жанар Айжанова кесті. Қазақтың салт-дәстүріне тоқталған әнші тұсау кесу рәсіміндегі жоралғыны тізбектеп берді.

кеш2

«Негізі тұсауды әйел кісі кесу керек деп жатады үлкендер. Мынадай ала жіп пен пышақты өзім дайындап әкелдім. Тұсау кесетін адам дайындайды деген ырым бар. Ешкімнің ала жібін аттамасын деген ниетте кеседі. Кейбірі қайшымен қияды. Бірақ ол дұрыс емес. Негізі пышақпен кесу керек екен» деп сөзін түйіндеді.

кеш3

Жанар Айжанова кішкентай Жанеркенің құлағына сырға салып, ата-әжесіне қомақты қаржыға толы конверт ұсынды. Өз кезегінде той иелері әншіге алтын сақина тақты.

кеш5

Кеше ғана үйлену тойын өткізген Асхат Тарғынов та екінші дастарханда төбе көрсетті.

«Менің тойыма Жасұлан келмеген, бірақ мен келдім. Санаспаймыз ғой. Ол өзі түсіндірді. Басқа шаруалары шығып қалыпты», – дейді Тарғынов.
Тойда әр әнші екі әннен шашу шашса, қызының мерекесіне әкесі екі жыл дайындалыпты.

кеш6

«Мен қызым туылмай тұрып жоспарладым. Арманым болды. Қыз болса, Жанар апайымызға тұсауын кесуіне қолқа салғанбыз. Сол арманымыз орындалды. Қобалжып тұрмын. Той жасау өте қиын екен»,- дейді Жасұлан.

кеш7

кеш8

Оқи отырыңыз:

Абай Бегей: “Сені ұмытқан жоқпын” атты кешімді марқұм жұбайыма арнадым

Баян Есентаева енді Қытай дәрігерлерінің көмегіне жүгінді (видео)

Дәурен Айдарқұлов әншілік қабілетімен таңғалдырды (видео)

Димаш ұмытылмас тосын сыйы туралы айтып тыңдармандарын қуантты

Алтынай Жорабаева: Қытайлардың Димашқа бас жүлде бермейтінін білгем

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар