Жаңа туған баланың құжаттарын енді перзентханада да рәсімдеуге болады

Бейсенбі, 22 Қыркүйек , 2016 14:22

«Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы жаңа ілкі жобаны іске қосты. Оның аясында жаңа туған баланы тіркеу, бала күтіміне қажетті жәрдемақы мен түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу, балабақшаға кезекке тұру сияқты шаралардың барлығын перзентханада-ақ рәсімдеуге болады.

20160922102950

«Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған 4 қызмет түрі бойынша өтініштер перзентхананың өзінде қабылдана береді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Әділет министрлігі биылғы жылдың наурыз айында мемлекеттік қызмет стандарттарына жаңа туған нәрестені тіркеуге қою бойынша өзгеріс енгізді. Оған сәйкес, ата-аналардан өтініш үш жұмыс күнінің ішінде берілуі керек. Осының аясында және ел тұрғындарына қолайлы жағдай тудыру үшін біз бала туумен байланысты өзге де қызметтерді перзентханада рәсімдеуге мүмкіндік жасадық. Бұл шара тұрғындардың уақыттарын үнемдеп, олардың құжат рәсімдеумен байланысты өзге де көптеген мәселелерін шешуге ықпал етеді»,-деді «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Сонымен қатар ол туу туралы дайын куәлікті азаматтар Тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарынан құжатты тапсыру күнін есептемегенде 2 күннің ішінде ала алатындығын жеткізді. Ал, жәрдемақы тағайындау туралы мәліметтер азаматтардың ұялы байланыс телефондарына sms-хабарлама түрінде келеді.

Балабақшадағы кезегі туралы ел азаматтары egov.kz электронды үкіметі арқылы немесе мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі «Connection Point» өзіне қызмет көрсету секторларынан біле алады.


Жіберіп алмаңыз:

Елімізде жол тәртібін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдың мөлшері төмендетіледі

Министр хиджаб кигені үшін мектепке кіргізілмеген оқушыға қатысты пікір білдірді

Қарағандыда автобус жүргізушісі 2 жасар бүлдіршіннің басын есікпен қысып қалған

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Мария says:

    Қандай жақсы жаңалық! Жаңа туған әйелдің ары бері жүгіруге уақыттары болмайды. Бірден барлық құжаттарды рәсімдеп шығатындары қандай жақсы.

    • Анонимно says:

      жаксы жаналык

    • Анонимно says:

      Иа осы жолы өте дұрыс шешім қабылдапсыздар!Баланы тастап қойып,құжаттар толтыру өте қиын жəне көпке созылып кетеді.Менің ұсынысым бар депутат ағаларға.Бір жасқа дейін төленетін жəрдем ақыны бала 3 жасқа толғанша төлесе.Əрине біздер үшін арман шығар…

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар