Қарағандыда автобус жүргізушісі 2 жасар бүлдіршіннің басын есікпен қысып қалған

Бейсенбі, 22 Қыркүйек , 2016 13:22

Қарағандыда жаға ұстатарлық оқиға болды. 31-қоғамдық көліктің жүргізушісі 2 жасар бүлдіршіннің басын есікпен қысып қалған.

avtobus

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Қарағандылық Ляззат Ниязбекова туыс әйелі мен оның 2 жасар қызын теміржол вокзалына шығарып салуға барады. Қызы жол бойында шаршағандықтан анасының иығына басын қойған күйі ұйықтап кетеді.

Аялдамада 31-маршрут келіп тоқтай қалады. Қызын көтерген әйел автобусқа ең соңғы болып кіргенде жүргізуші көліктің есігін жауып қалған. Соның салдарынан бүлдіршіннін басы есікке қысылып қалыпты. Анасы сол бойда айқай салады. Жүргізуші есікті ашып, қайта жапқанда қыздың басына екінші рет соққы тиеді. Ауыр соққыдан шошып оянған бүлдіршін бар даусымен айқайлап жылаған. Анасы жүргізушіден емханаға апаруын талап еткенімен, оның сөзіне құлақ асқан ешкім болмаған. Жүргізуші өзге жолаушылардың да сөзін тыңдамаса керек.

Осылайша автобус жүрген бойда Майқұдыққа дейін барған. Жол ортасында жылаған сәбидің даусынан жолаушылардың кейбірі шу шығарған. Осыдан соң жүргізуші әйелдің жол ортасында көліктен түсіп қалуын талап етіпті.

Ляззат көліктің мемлекеттік нөмірін суретке түсіріп алмақ болғанда жүргізуші газды басып, оны басып кете жаздаған. Қуанышқа орай жақын маңда полицейлер жүрген екен. Жүргізуші тәртіп сақшыларынан ізін жасыруға әрекеттенген. Бүлдіршінді емханаға полицейлер жеткізді.

Осыдан соң көлік жүргізуші мен кондуктор жұмысын қуылды. Алайда, зардап шегуші жүргізушіні сотқа беретінін, одан өтемақы төлеуін талап еткісі келеді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде 6 жасар қызды туысы зорлап кетті

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір жолаушының басы жұлынып кетті

Шымкентте қызын көлік апатынан құтқармақ болған әке қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар