Шымкентте қызын көлік апатынан құтқармақ болған әке қайтыс болды

Сәрсенбі, 21 Қыркүйек , 2016 22:07

Шымкентте ер адамды кішкентай қызымен бірге көлік қағып кетті. Ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, ал бүлдіршін ауруханада жатыр. 66 жастағы көлік жүргізушісі қолға түсті.

00

Audi автокөлігінің жүргізушісі ер адам мен оның қызын қағып кетті. Жүргізуші қолға түсті, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлады ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

20 қыркүйек күні Момышұлы және Оспанов көшелерінің қиылысында орын алған жол-көлік оқиғасынан кейін 33 жастағы ер азамат ауруханада көз жұмды. Ал жеті жастағы бүлдіршін дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісі қолға түсті. Жедел жеткен полицейлер қажетті амалдардың бәрін жасады, бірақатар медициналық сараптамалар белгіленді.

“Жүргізуші шығып қызды шетке қойды. Оған бір қарады да, көлігіне мініп жылдам кетіп қалды. Қызды үйге бөтен біреулер алып келді. Ол әкесін қағып кеткенін айтып жылады”, – дейді туысқаны Жәмиля Құражанова КТК арнасына берген сұхбатында.

“ҚР қылмыстық кодексінің 345 «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347 «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады полиция қызметінде.

Жедел іздеу жұмыстарын жүргізу барысында 1950 жылы туған Audi C4 автокөлігінің жүргізушісі қолға түсті. Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Полицейлер болған оқиғаның жай-жапсарын анықтаумен айналысуда.

Жіберіп алмаңыз: 

Жас жүргізуші қыз бірнеше адамды қатарынан қағып кетті

Алматыда бір күнде екі ірі жол апаты болды (фото)

Қарағанды прокуроры үш жол апатын жасағанымен 21 мың теңге айыппұл төлеп құтылды (видео)

Астанада жол апатына түскен бала бірі бүйрегі мен көкбауырынан айырылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар