Астанада жол апатына түскен бала бірі бүйрегі мен көкбауырынан айырылды

Бейсенбі, 8 Қыркүйек , 2016 9:34

Астанада «Лексус» көлігі соғып кеткен баланың бірі көкбауыры мен бүйрегінен айырылды. Бұл туралы Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасының хирургы Амур Жанпейісов айтты, деп жазады КТК арнасының сайты.

20150325102206

 

Иманов пен Асан Қайғы көшелерінің қиылысында жол апатынан төрт бала зардап шеккен болатын.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Асан Қайғы көшесімен келе жатқан «Lexus» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Иманов көшесінің қиылысында «Мерседес» көлігіне жол берместен өтуге ұмтылып, қақтығысқан болатын.

Көлік соқтығысынан «Lexus» жүргізушісі рульді бұрып, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді басып, жол бойында тұрған «Лада» көлігін де түйіп өткен. Бұдан соң, «Lexus» көлігі соққының қаттылығынан «ZAZ» маркалы көлігіне қарай аударылып, ол болса серпінмен тағы бір «Митцубиси» маркалы көлікті соққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші төрт бала зардап шекті. Атап айтқанда, 2002 жылы, 2005 және 2007 жылы туған төрт бала әртүрлі дене жарақатымен ауруханаларға жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, зардап шеккен балалар №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Барлық балалар толық тексерістен өтті. Тоғыз жастағы бір баланың жағдайы жақсы, ол үйіне қайтарылды. Екі баланың миы шайқалған. Тағы бір баланың жағдайы ауыр. Оның ішкі органдары зақымданған. Көак бауыры мен сол жақ бүйрегі алынып тасталды», – деді №2 балалар ауруханасының хирургы Амур Жанпейісов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар