Жан Ахмадиевтің видеосында жезөкшенің рөлін әйелі сомдаған
Рэпер Жан Ахмадиев көшедегі әйелдерді қамшымен сабамаған болып шықты, ол видеоға әйелі мен таныстарын түсірген.

Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
“Әлеуметтік желіде тарап кеткен Ахмадиев Ж.А. әйелдерді қамшымен сабап жатқаны түсірілген видеороликтегі жағдай қойылым болып отыр. Яғни, жеңіл жүрісті қыздар ретінде оның әйелі мен таныстары түскен”, — деп хабарлады Сәдубаев.
Оның айтуынша, мұндай жағдайда Ахмадиевтің іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ. Сондықтан рэперді қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша жауапқа тартуға болмайды.
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіні “жарған” видео қазіргі уақытта YouTube желісінен өшірілген.
Ол жезөкшелер туралы видеосында қазақ жігіттеріне дәл осылай жасауға үгіттеген еді.
Еске салып өтсек, “Қазақпыз ғой” YouTube-арнасында “жезөкшелерді қамшымен қуып жүрген” рэпердің видеосы жарияланған еді.
Тағы оқыңыз:
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін