Зағипа Бәлиева “Аналар үйіне” сын айтып, қоғамдық ұйымдарға балалар үйін тексеруге тыйым салды

Балалар омбудсмені Зағипа Бәлиева балалар үйінде ешбір үкіметтік емес ұйымдар болмауы керек деп мәлімдеді.

«Ешбір балалар үйінде үкіметтік емес ұйымдар, қорлар болмауы керек. Өтетін тексерісті біз құрған кеңес мақұлдауы керек», – деді Бәлиева.

Желідегі «Балаларды қорғаймыз» деген топта видео жарияланған еді. Бәлиеваның айтуынша, балаларды қайта-қайта тексере бермей, тыныш ұйықтап, сабағын оқуына мүмкіндік беру керек.

«Балалардың ойын ашық айтуына мүмкіндік беру керек. Ол үшін сенім телефоны толықтай жұмыс істеуі керек», – дейді ол.

Бірнеше жыл бұрын әрбір облыс орталығында «Аналар үйі» болған. Барар жері жоқ аналар балаларымен бірге осында орналасады. Олар жұмысқа тұрып, құжаттарын рәсімдегенше «Аналар үйінде» тұра алатын. Мұның барлығын меценаттар қаржыландыратын.

«Аналар үйінде 30 шақты ана баласымен бірге тұрады. Бірақ онда 10 адамға ғана арналған орын бар. Сондықтан санитарлық талаптар сақталмайды. Бір коттеджде екі ванна ғана бар», – дейді Балиева.

Балалар обудсменнің айтуынша, мемлекеттік балалар үйінде «Үміт» тобы бар. Аналар балаларын осында уақытша өткізе алады.

ОҚО-дағы 7 жасар баланың оқиғасына соң Зағипа Бәлиеваға қоғам тарапынан түскен сын көп. Көпшіліктің айтуынша, ол дер кезінде емес жағдай қоғамдық деңгейде талқыланған соң ғана істі қолға алғанын айтады.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында интернат күтушісі мүгедек баланы мазасын алған соң тұншықтырып өлтіргенін мойындаған

Еркек емес, ол есек: Айсәуле Бақытбек жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперді байғұс деп атады

Жамбылдық ата-ана: Дәрігердің кесірінен ұлымның екі бүйрегі де істемей мүгедек болып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар