Танымал қазақстандық кәсіпкер алаяқтығы үшін айыпталуда

Танымал кәсіпкер Талғат Ақуов алаяқтығы үшін ұсталды. Оның үстінен әзірше 38 адам арыз түсірген.  Олардың бәрі Ақуов 20 жылға жуық уақыт басқарған “тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының” мүшелері.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

“Азамат Ақуов тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы мүшелеріне жинақ ақшаны көбейтуді ұсынған. Олар келісіп, жинаққан ақша аударған. Сол ақшаны алып, Ақуов қашып кеткен”, – дейді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Полицейлер оны бірнеше ай бойы іздеген. Сөйтіп, ол Қарағандыда ұсталды. Қазір оған тергеу жүргізу үшін Алматыға жеткізілді.

Талғат Ақуов Қазақстандағы алғашқы кәсіпкерер қауымдастығының бірін ашты. Ол кәсіпкерлерге заң және салық бойынша мәселелерді шешуге көмектесті. Оның “Бизнес по-казахски” аталатын кітабы көптеген университеттерде оқытылады.

Ол жалпы саны 65 кәсіпкерді Қарқаралыда демалыс орнын салу үшін миллиондаған ақша алған. Әрі оны еселеп қайтармаққа уәде берген. Көптің ақшасына тұрғызылған демалыс орнын Ақуовтың сатып жібергені белгілі болды.

Полиция Ақуовтан зардап шеккендердің 38-ден көп болуы мүмкін екенін айтты. Себебі қауымдастық құрамына 1500 адам тіркелген.

Ал Еуразиялық кәсіпкерлер қауымдастығының президент Жомарт Алданғаровтың айтуынша, Ақуов бизнесін бастаған кезде де мәселелер туындаған.

Тағы оқыңыз: 

Зағипа Бәлиева “Аналар үйіне” сын айтып, қоғамдық ұйымдарға балалар үйін тексеруге тыйым салды

Алматы облысында интернат күтушісі мүгедек баланы мазасын алған соң тұншықтырып өлтіргенін мойындаған

Еркек емес, ол есек: Айсәуле Бақытбек жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперді байғұс деп атады

Жамбылдық ата-ана: Дәрігердің кесірінен ұлымның екі бүйрегі де істемей мүгедек болып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар