Жамбыл облысындағы ауылға президент анасының есімі берілді

Сейсенбі, 7 Қараша , 2017 15:42

Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс шақырылған 16-сессиясында “Қасық” ауылына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының есімін беру туралы мәселе көтерілді.

Бұл туралы  Taraztv.kz хабарлайды.

Сессия барысында Қордай ауданындағы “Қасық” ауылын Әлжан ана атауына өзгерту туралы ұсыныс айтылды. Мұны депутаттар бір ауыздан қолдады. Себебі, Әлжан ана – Қазақстан Республикасының тұңғыш президентін дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Сондықтан, халық қалаулылары да бұл игі бастаманы барша аналарымызға деген құрметтің белгісі деп біледі.

 “Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасымен сәйкес келіп отыр. Жамбыл облысында елге үлгілі аналар ғұмыр кешкен. Әйел адамдардың орны ерекше”, — дейді Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Масат Берік.

Депутат Мейрамбек Төлепберген де әріптесінің сөзін қоштады. Оның пікірінше, кез келген мемлекеттің ұлттық құндылықтары әйел баласын құрметтеуден басталады. “Бұл кісінің атына берілген ауылдың көркемдік сипаты ерекше әдемі болу керек. Алтын құрсақты анаға деген құрметті біз қолдаймыз. Өте орынды”, — деп атап өтті ол.


Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да ауданға танымал бұзақы оқушыларды сабақтан ұрлап әкетіп, жер қаздырып қойған

Қатерлі дерттен көз жұмған астаналық келіншектің өмір үшін күресі ел есінде мәңгі қалды

Жүкті әйелдің баласы шетінеп, өзі аяқ-қолынан айырылды

Астанада туған сәбидің есімін ЭКСПО-ның құрметіне қойды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар