Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да ауданға танымал бұзақы оқушыларды сабақтан ұрлап әкетіп, жер қаздырып қойған

Оқушылар  төртінші сабақтан кейінгі үзілісте мектеп ауласында серуендеп жүрген. Жоғары сыныптың оқушысы оларды шақырып алып, қара түсті жол талғамайтын көлікке алып барған.

Ал көлік ішіндегі сол аймаққа танымал бұзақы оқушыларды қорқытып, көлікке отыруды бұйырған.

Бұл жөнінде заңгер Айгүл Орынбек желі қолданушыларына айта отырып, бала мен ата-ана бүкпесіз қарым-қатынаста болғаны дұрыс деп кеңес берді.

“Кримналдық авторитет мектеп оқушыларын сабақ үстінде ұрлап əкетіп әжетхана қаздырған.

Қылмыстық іс Түркістан қаласы прокуратурасының арласуымен ашылып отыр. Оқиға балалардың айтуы бойынша былай болған. Оқушылар  төртінші сабақтан шыққан соң мектеп ауласында өзінен жоғары сыныпта оқитын бала мектептің артқы жағына шақырады.

Оларды үлкен қара джип күтіп тұрған. Балаларды қорқытып машинаға салып үйіндегі жер асты құбыр жүретін жолды қаздырған. Қəзіргі таңда қылмыстық іс бойынша  тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу амалдары біткенше толық ештеңе ашып жаза алмаймын. Ата-аналарды сақтандыру үшін құлаққағыс ретінде ескертіп отырмын. Балаларыңызға абай болыңыздар. Бір мезгіл сырласып, ой бөлісіп құлыным “мен сені жақсы көремін” деген сөзді жиі айтуды ұмытпаңыздар!

Ал Түркістан қаласының прокуратура қызметкерлеріне респект! Қылмысты алдын алу деп осыны айтады. Бүгін оларға туалет қаздырса, ертең адам өлтіруге, ұрлық жасауға итермелеуі əбден мүмкін”,-дейді заңгер.

Оқи отырыңыз:

Қатерлі дерттен көз жұмған астаналық келіншектің өмір үшін күресі ел есінде мәңгі қалды

Жүкті әйелдің баласы шетінеп, өзі аяқ-қолынан айырылды

Астанада туған сәбидің есімін ЭКСПО-ның құрметіне қойды

Туберкулезбен ауырған мұғалімге қатысты жанжал: Бәріне лаборант-рентгенолог кінәлі болып шықты

 

Талқылау