Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы 1 жасар тастанды қыздың анасы табылды

Жамбыл обылысы Меркі ауылында табылған 1 жасар қыздың анасының кім екені анықталды, деп хабарлайд Stan.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Безымянный

15 ақпан күні Меркі ауылының тұрғыны полицияға хабар беріп, ауласынан 1 жасар қыз баланы тауып алғанын хабарлаған болатын.

Қыз баланы тұрғынның әйелі тауып алған. Ол баланың жылаған даусын естіп, ауладан шыққан. Баланы кімнің тастағанын көрмепті. Баланың жанында заттар салынған пакет пен хат болған. «Оның есімі Зере. Бір жас, 3 айға толды. Бір ай қарап берсеңіздер, кейін алып кетем» деп жазылған хатта.

мерке нашлась девочка

Полицейлер бейнебақылау камерасын тексеріп, баланы тастаған әйелдің ұлты азиатқа келетінін байқайды.

Полицейлер тергеу жүргізе отырып, 18 ақпан күні баланың 34 жастағы анасын тауып алды. Ол Меркі ауылының тұрғыны болып шықты. Анасынан ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып алынды.

Аталған іс бойынша тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қайтыс болған адамның “жетісін” немесе “қырқын” берудің шариғатта негізі бар ма?

ОҚО-да 20 жылдық мектеп түлектері екі ұстазына қажылыққа жолдама алып берген

Қарағандыда мылқау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Талқылау